реклама

Календарь

Показать

Главная » Online-конференция с Председателем комитета по миграции Минтруда РК К. Абишевым

Online-конференция с Председателем комитета по миграции Минтруда РК К. Абишевым

29 октября 2009 года на портале www.bnews.kz состоится Online-конференция с участием Председателя комитета по миграции Министерства труда и социальной защиты населения РК Кабылсаята  Абишева

на тему: «Возвращение, прием и адаптация  соотечественников на исторической родине».

Задавайте свои вопросы на портале BNews.kz!





  • +17

    Positive Negative

    1)  Қытайдан, Өзбекстаннан, Монғолиядан немесе басқа да мемлекеттерден қандастарымызды тарихи Отанына көшіріп алу жұмыстары қалай жүргізілуде? Тоқсанбай Кенжебаев, Астана қаласының тұрғыны


  • +6

    Positive Negative

    2)  Шеттен келген ағайындарды қоғамдық ортаға бейімдеу, олардың ел ішіне сіңісіп кетуіне жағдай жасау, мүмкіндіктер туғызу жайы қалай? Қажыбай Ерғалиев, Орал қаласы


  • +4

    Positive Negative

    3)  «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша Ақмола облысының Қызылжар ауылында бірнеше үйлер салынуда. Оған оралмандар қалай қоныстанады? Ол үйлердің бағасы қандай? Нұрбай Елмұратов, Ақмола облысынан


  • +4

    Positive Negative

    4)  Туған Отанына оралған қандастарымызға мемлекет тарапынан қандай қажетті әлеуметтік көмектер көрсетіліп, басқа да қандай жағдайлар жасалуда? Айтқадыр Тілеуов, Жезқазған қаласы


  • +3

    Positive Negative

    5)  Жалған құжат жасайтындар, оралман атын жамылып, ақша ұрлайтындар бой көрсетіп қалып жатады. Оларды алдағы уақытта болдырмау үшін қандай шаралар қолданылуда? Айжан Нұрқатова, Ақтөбе облысы


  • +5

    Positive Negative

    6)  Оралман студенттердің жағдайы жөнінде не айта аласыз? Баспана, азаматтық алуына қатысты құжаттарды рәсімдеуі, тағы басқа да мәселелер туралы. Ардақ Әйменова, Алматы қаласы


  • +6

    Positive Negative

    7)  Қазір «Оралман» деген атау дұрыс емес. Қазақ – біреу, Қазақстан – біреу. Сондықтан оларды «отандастар» немесе «қандастар» деп атайық», деген пікірлер айтылуда. Сіз осыған не дейсіз? Бекділдә Қожахметов, Астана қаласы


  • +4

    Positive Negative

    8)  Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы қанша қандасымыз тарихи Отанына оралды. Қаншасы кейін кетіп қалды? Сәуле


  • +4

    Positive Negative

    9)   Шетелдерде қанша қазақ тұрады? Тарихи Отанына қай елден қазақтар көп келеді?


  • +3

    Positive Negative

    10)   Қазір Астана мен Алматы қалаларынан басқа облыс орталықтарында азаматтық алу мәселелері өте оңайлатылған бір күнде шешіледі екен. Енді осыны жоғарыда аталған еліміздің екі ірі қаласында да қолдануға болмай ма? Мұрадым


  • +5

    Positive Negative

    11)  Монғолиядан 1994 жылы көшіп келген азаматтың өзінде азаматтық болғанымен, балаларында жоқ. Өйткені туу туралы куәлігі Монғолияда алынған. Соның кесірінен ол республикалық олимпиадаларға қатыса алмайды. Неке туралы куәлікте де сондай қиындықтар бар. Осыны АХАЖ бөлімдері неге қазақстандық куәліктерге ауыстырып бермейді? Бекен Қайрат.


  • .
  • +5

    Positive Negative

    12)   Аты-жөнін жазу мәселесіне байланысты да қиындықтар көп. Мәселен, Монғолиядан тек «Ұлар» немесе «Нысан» деген есіммен ғана төлқұжат алғандар бар. Енді осыны «Садырұлы Ұлар» немесе «Нысанұлы Әлім» деп өзгерткісі келсе, әділет орындары өзгертпейді. Осы мәселені шешуге бола ма?


  • +2

    Positive Negative

    13)  Қазақстанның барлық облыс орталықтарында және барлық ірі қалаларында "Шетелден келген Қазақтардың құқықтары мен мүддесін қорғаймыз, талап тілектерін ескереміз" - деген желеумен құрылған қоғамдық ұйымдар бар. Олардың Қазақстан бойынша жалпы саны 30 шақты болса керек. Қоғамдық ұйым дегенмен, олар оралмандарға қатысты қандай да бір жобаларды ұсыну арқылы арқылы тендерлерді ұтып алып, мемлекеттің қаржысымен жұмыс жасайды ғой. Осы ұйымдардың саны көп болса да, жасап жүрген істері мардымсыз. Сауалнамалар өткізумен ғана шектеледі. Нақтылы қойылған мәселелерді шешу және төмендегілердің мұң-мұқтажын билік органдарына жеткізу үшін - олардың қоландағы құзіреттілік жетіспейтін шығар. "Оралман" атауы туралы көп айтылды ғой. Елбасы да бұл атау турады сөз қозғаған. Бұл атауға Сіздің көзқарасыңыз. СЕРА. Атырау


  • +6

    Positive Negative

    14)  Мен Қытайдан көшіп келгелі 2 жыл болды,содан бері Алматы облысы Панфилов районында тұрып жатырмын.былтырғы 1 жыл тұрақты тіркелу үшін кетті,түрлі себептер айтады,сансыз рет алдыларына барып жүріп 1 жылда әрең тіркелдім,содан биылғы жыл азаматтық алыудың қыйыншылығында жүрмін,4-айдың 21-күні азаматтыққа қүжаттар тапсырғамын ,содан осы күнге дейін 4 рет жоқ сылтаумен жолданбапты,жақында барып Панфилов районы ІІБ көші қон бөлімшесінің қызметкері Арзигүл деген қызбен ұрсысып қалдым,сүйтсем ол қыз ұйғыр ұлты екен,мен секілді сандалатын қазақтар көп екен,шеттен көшіп келген қазақтардың барлығы тегіс мен секілді сан рет сандалып жүріп әрең жұмыстарын бітіреді екен.ал қытайдан ұйғырлар көшіп келіп орналасып жатқандардың көптігін көзімізбен көріп таң қалдық,олардың тіркелуі де, азаматтық алыуыда оңай,былтыр менімен қарайлас қытайдан келген ұйғыр әйел былтырдың озінде азаматтық алып Панфилов районы Пенжім ауылы бұрынғы алма бақтан 40 соти жер алып үйде салып алыпты,бұл тек біреуі ғана ,ал жаркент қаласына орналасып жатқандар сансыз.сондықтан менің айтайын дегенім:1.енді келетін оралмандар үшін болсада көші қон бөлімшілеріне ұлтжанды қазақ азаматтары жұмыс жүргізсе. 2.мемлекет келешегі үшін басқа ұлттарды,әсіресе ұйғырлардың көптеп көшіп келуіне тосқауыл қойылса,бұлар көбейсе тыныш отырмайды.


  • +3

    Positive Negative

    15)  Добрый день! Расскажите, пожалуйста, как организована работа с оралманами, которые уже переехали. Кто и как отслеживает их трудоустройство, ассимиляцию, социальное положение, образование, интересы после переезда? Второй вопрос: образовывают ли оралманы на новом месте общественные организации или неформальные сообщества. Если да, то где можно узнать об их деятельности? Марат Ижанов.


  • +3

    Positive Negative

    16)  Біз отбасымызбен Қазақстанға 2001 жылы Өзбекстаннан көшіп келдік. Енді ол жақта анам мен інім қалып қойды. Соларды Астанаға немесе Ақмола облысына көшіріп алғым келеді. Оған мүмкіндік бар ма?


  • +2

    Positive Negative

    17)  Құрметті Қабылсаят Әзімбайұлы! Егемендігін алған тәуелсіз Қазақстанда "қазақ тіл" мен "оралман" мәселесі неге мазақ болып тұр? Осыған қандай объективтік және субъективтік факторлар әсер етіп отыр деп ойлайсыз. Қашан үлкен үкіметтік деңгейдегі бағдарлама болады. Қазаққа деген шынайы көзқарас қашан түзеледі? Бұрын азаматтыққа қабылдау туралы ай сайын қаулы шығатын-ды. Биыл үш рет ғана шықты. Бұл не, көшіп келіп жатқандар азайды деген сөз бе. Бұны немен түсіндересіз. Неге азаматтық алу мәселесі уақыт 6 айға емес 9, 10 ай, 1 жылға созылып жатыр. Бұл төңірегінде не айта аласыз? Жалелбек Алматы облысы Узунағаш


  • +1

    Positive Negative

    18)   Кейінгі кезде Қазақстанға қоныс аударып жатқан оралман отбасылары арасында аралас ұлттылар көптеп кездеседі. Осы өзге ұлт азаматтарының тұрақты есепке тұру жайы, ҚР азаматтығын алуы қалай болады? Азаматтық алғанға дейін кейбір оралмандардың жасы 25-ке, немесе 45-ке толған жағдайда, оның жеке басын куәландыратын шетел паспорттарының жарамдылығы, немесе ауыстырылуы жөнінде не айта аласыз?


  • +1

    Positive Negative

    19)  Қазір біз тұратын Атырау облысы, Жылыой ауданындағы жағдай бойынша, өзге ұлт өкілі , ол квота бойынша келген оралман отбасы болса да, отағасы азаматтық алмайынша, тек визамен 6 айлап, 1 жылдап тұрақты есепке алынбайды, азаматтыққа құжаттары тұрақты есепке тұрған соң қабылданады. Ал егер бұл азамат ер адам болса, 5 жыл бойы азаматтық ала алмайды. Қазақстан азаматтығына әл қабылданбаған жасы 25, 45-ке толғандардан бұрынғы көшіп келген елінен паспорттарын ауыстырып келу талап етіледі, осы заңды талап па? Осы проблема жаңа қабылданатын "Халықтың көш -қоны туралы" заңында шешімін таба ма?


  • +0

    Positive Negative

    20)  Тұрақты есепке қай жерде нақты тұруға болады ? Бір облыста көш -қон полициясында тұратын болса, екінші облыста сіздің комитетке қарасты көші -қон департаментінде тұрады ?


  • +0

    Positive Negative

    21)   Көш -қон департаменттері тек облыс орталықтарында ғана орналасқан, ал алыс аудандарда бұл департаменттердің бөлімдері немесе өкілдіктері жоқ. Осы мәселені шешуге бола ма?


  • +2

    Positive Negative

    22)  Қоныс аударып жатқан оралман отбасы жөніндегі мәліметтермен (облыс, аудан деңгейінде) танысып, білгім келеді . Жергілікті көш -қон департаменті ондай мәліметтер бермейді . Бұл мәліметтер құпия болып есептеле ме? Неге, сіздің және комитеттің жергілікті департаменттерінің сайттары, жеке блогтары жоқ? Сайт немесе блог ашу ойыңызда бар ма?


  • .
  • +0

    Positive Negative

    23)  Жергілікті көш -қон департаменттерінің жұмыстарына кім мониторинг жасауға құқылы? Мониторинг жасала ма?


  • +0

    Positive Negative

    24)  Қоныс аударған оралман отбасыларының балалары ҚР азаматтығын алмаса, мектеп бітірген жөнінде құжат берілмейді , ҰБТ-қа қатыстырылмайды, осы мәселені шешу жөнінде пікіріңіз қандай?


  • +0

    Positive Negative

    25)  Облыс орталықтарында оралмандардың білім туралы құжаттарын растайтын Ұлттық аккредиттеу орталығының бөлімдерін ашуға бола ма? Аманқос Қанатбаев


  • +0

    Positive Negative

    26)  Қазір Қытайдан келіп оқитын жастардың саны күрт азайып кетті. Себебі, көбі грантқа ие бола алмай қалады. Тіпті оқуын бітірген студенттердің өзі жұмыссыз жүр. Осыған байланысты не айта аласыз?


  • +0

    Positive Negative

    27)  Жыл сайын бөлінетін санаулы квотамен көп ештеңе өндіре алмаймыз. Сыртта әлі 4 миллионнан аса қазақ бар. Олар болашақта қытайланып, өзбектеніп, орыстанып кетпей тұрғанда асығу керек. Сондықтан, квотадан тыс өз бетімен көшіп келушілерді қолдаудың нақтылы қандай тетіктері бар?. Оларға азаматтық алуда, баспанамен қамтылуда және жұмысқа орналасуда ерекше жеңілдіктер жасалса, дейміз. Осыған қалай қарайсыз?


  • +0

    Positive Negative

    28)  Здравствуйте!Скажите пожалуйста,могу ли я получить информацию о своих предках по каким либо каналам.Слышала,что родителей моего отца раскулачивали,отец рос в детдомме


  • +0

    Positive Negative

    29)   Астанада оралмандарды бейімдеу орталығының құрылысы басталып, әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты тоқтап қалды. Ол енді қашан жалғасады?


  • +3

    Positive Negative

    30)  2003 жылы Қоянды ауылынан оралмандарға жер телімі бөлініп, арты дауға айналып, аяқсыз қалып еді. Алдағы уақытта оралмандарға үй салу үшін жер бөліне ме?


  • +0

    Positive Negative

    31)  Бір- екі тәжік ұлттының Қазақстанға көшіп келу үшін квота алуға жалған құжат жасап, ұлттарын өзгертіп қазақ болып жазылған фактілерін білеміз. Кейінгі кезде осындай алаяқтар әлсін-әлсін бой көтеріп қалып жүр. Ондайлармен қалай күресіп жатырсыздар?


  • +1

    Positive Negative

    32)  Өзбекстаннан келетін қазақтың көбі қазақ емес ,қарақалпақ ұлтының адамдары,олар білімі төмен құжаттарының көбі жасанды ,мысалы Маңғыстау облысына келгендер көбі сауда жасау үшін ,жер алу үшін келеді. Оларды дұрыс тексеру арқылы оралман статусын беру қажет. Қазір жаппай қабылдауды тоқтату қажет. Әуелі бұрынғы жергілікті халықтың жағдайын неге көтеріп алмасқа?


  • +1

    Positive Negative

    33)  Ұйғырлардың жаппай қазақ жеріне қоныстануын тоқтату қажет,елімізде бұзақылық көбейеді.


  • .
  • +0

    Positive Negative

    34)  Кабылсаят ага! У меня такой вопрос. Я изучаю этнологию зарубежных казахов. В Российской Федерации 1200000 казахов и у них всего одна казахская школа. В Комитете по языкам и в Министерстве образования и науки даже нет специалиста, который владел бы информацией. Почему наше Правительство не контролирует эту проблему. Недавно был в гостях у родственников в ауле. Местные казахи о реапатриантах говорят "агайындар". Может слово "оралман" заменить словом "агайын". Кипчак


  • +0

    Positive Negative

    35)  Қазір келген қандастарға тұрақтылық алу қиындап кетті, 3-5 ай күту керек. Ол бітпей я жұмысқа кіре алмайды, я зейнеткерлік ақы немесе мүгедектік жәрдемақысын алу мүмкін емес. Егер көшіп келген қалада немесе ауылдық жерде туыс-ағайыны болмаса, олар не істеуі керек? Тұрақты мекен-жайға тіркелу үшін қазір толық медициналық тексерістен өтуді талап етеді, ол дегеніңіз бір адамға кемінде 3000-3500 теңгені құрайды. Тегін өтуге оралман куәлігін сұрайды, ал ол куәлікті тұрақты тіркеусіз облыстағы көші-қон департаменті бермейді. Айта келе, өздері ақшасыз енді келіп жатқан ағайын сергелдеңге түседі. Былай-былай қатынау, әр құжатты нотариусқа бекітудің өзі дөңгеленген соманы құрайды. Құжаттандыру, тұрақты мекен-жайға тіркеу, азаматтық алу, квотаға қол жеткізу мәселелерін кішкене жеңілдетуге болмайды ма екен? Мұратова Гүлнара, Ақмола облысы, Степногорск қ.


  • +3

    Positive Negative

    36)  - «Халықтық көші-қон туралы» заң қашан қабылданады? Заң жобасында оралмандардың баспана, жұмыспен қамту тұрғысында әлеуметтік кепілдік қарастырылған ба? Қазақстан Республикасына біржолата көшіп келген оралмандар отбасылары үшін тұрақты тіркеуге тұруға мекен-жай табу басты қиыншылықтардың бірі. Оларды бейімдеу орталықтарына тіркеуге қою мәселесі не себептен шешілмей отыр? Шет елдердегі тарихи Отанына оралуға мүдделі болып отырған, тұрмыс-тіршілігі төмен, өзіндігінен көшіп келе алмайтын отбасыларын мемлекет тарапынан көшіріп алу жолдары қарастырыла ма? Шет елде министр болған да, малшы болған да бір мөлшерде стандарт зейнетақы алады бұл әділетсіздік емес пе, оралмандарға зейнетақы тағайындаудағы жалпыға бірдей норма қашан өзгереді. Қандастарымыздың шет елдерде аты-жөні өте бұрмаланып жазылған. Ол сол елдің саясатына, қолданыстағы жазу ерекшелініне т.б толып жатқан себептерге байланысты. Оны түсінуге болады. Қандастарымыз ҚР-ға келгеннен кейін де аты-жөнін мемлекеттік тілде дұрыс жаздыра алмай тауы шағылып, рухани, психологиялық күйзеліске ұшырап отыр. Қазақ Қазақстанда аты-жөнін дұрыстап жаздыра алмай отырғаны білгенге өте ұят жағдай. Осы мәселені реттейтін құқықтық акт қажет, бұл туралы не уәж айтасыз? Мемлекеттік қызметтегі қандастарымыздың жұмыс өтіліне басқа елдердегі мемлекеттік қызметтік жұмыс өтілі неге қосылмайды? Қандастарымызға өзге елде берілген диплом, мамандық куәлік, туу туралы куәліктер, еңбек кітапшасы т.б құжаттарына құзырлы мекемелер сенімсіздік танытып, дәлелдеме ретінде қосымша құжаттар сұрайды. Осы жайды заңдастыру жолы бар ма? Шет елдерден көшіп келген қазақ отбасының мүліктері шекарадан кеден салығынсыз өту туралы заңда көрсетілген. Бірақ жергілікті жердегі кеден мекемелері мемлекетік кедендік баж салығына қыруар ақша сұрайды. Мысалы: 1995 жылғы Кореяның Киа-Бонго шағын жүк авто көлігінің баж салығына 2000 доллар сұрап отыр. Бұған не дейсіз. Оралман отбасы тұрақты тіркеуге тұру, квота, ҚР-ның азаматтығын алу үшін 4-5 рет барлық құжаттарын аудартып, нотариус арқылы куәландырады, осы іске қыруар қаржы жұмсайды. Құзырлы мекемелер құжаттардың аудармасы түп нұсқасымен тексеріп алуға неге болмайды? Оралман отбасылары мүшелерінің туу туралы куәліктері және неке куәлігіне олар ҚР-ның азаматтығын алған соң Әділет Министрлігі арқылы мемлекеттік тілде қосымша беруге болмай ма, қашанғы аударма, нотариуспен оралман әуре сарсаңға түседі. Оралмандар туралы қоғамдық оң пікір қалыптаспай жатқан себебі не деп ойлайсыз?




Вопрос:
Email*:
* - необязательное поле, используется для уведомления Вас о размещении ответа