Жаңалықтар таспасы » IT индустриясы, Басты жаңалықтар, Жобалар мен технологиялар, Конференциясы, Мұнай мен газ, Экономика » Бүгін BNews.kz порталы студиясында “Казнетте әлеуметтік желі қалыптастыру және оны дамыту тақырыбындағы «дөңгелек үстел» өтті
АСТАНА. Маусымның 29-ы. BNews.kz - Бүгін BNews.kz порталы студиясында «Казнетте әлеуметтік желі қалыптастыру және оны дамыту тақырыбындағы «дөңгелек үстел» өткізілді.
Онлайн пікір таласы барысында ұлттық ауқымдағы әлеуметтік желі қандай болу керек, оның бірегейлігі мен жетістігі неде, қазақстандық әлеуметтік желіге Интернет тұтынушыларын қалай көптеп тартуға болады деген бағыттағы өзекті мәселелер талқыланды.
«Дөңгелек үстел» жұмысына ҚР Ақпарттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев, «Зерде» ұлттық холдинг АҚ басқарма төрағасы Әділбек Сәрсенов, NUR.KZ қазақстандық порталының бас директоры Василий Ульянов, тәуелсіз сарапшы-интернет-сайттарын әзірлеуші Шавкат Сабиров, « AWARD.KZ ұлттық интернет сыйлығы» конкурсы ұйымдастыру комитетінің сарапшысы және тең төрағасы Александр Ляхов, www.kiwi.kz бейне порталының техникалық директоры, www. yvision.kz, www.kaztorka.kz платформалар блогы Станислав Игнатов, BIRGE.KZ әлеуметтік желісінің директоры Қуаныш Мағзуов, «Казнетмедиа» ЖШС бас директоры Данияр Сүгірәлинов, басқа да Казнеттің танымал тұлғалары қатысты.
«Дөңгелек үстел» матералдары мәтіндік, бейне және фото түрінде www.BNews.kz порталы беттерінде орналастырылатын болады. Сондай-ақ, тіркелген БАҚ-тарда форумның кеңінен жарық көруі қарастырылған.
Ұқсас жаңалықтар табылған жоқ
Қонақтар түсініктеме жаза алмайды. Жай ғана тіркеуден өту рәсіміне қатысыңыз..
написал 07.07.2009 в 11:16
[...] http://www.bnews.kz/kz/Conferences/segodnya-v-studii-bnewskz-sostoitsya-kruglyj-stol-na-temu-sozdani... [...]
toto написал 29.06.2009 в 15:16
посмотрим обсуждение =)