Жаңалықтар таспасы » Ақпараттық-талдау материалдары, Сараптау бағасы, Экономика, Сараптама, Банки и финансы » Бөлек өмір сүру – азаптың үстімен жүру ме?

Бөлек өмір сүру – азаптың үстімен жүру ме?

АСТАНА. 06.09.2009ж.. BNews.kz - Қаржылық дағдарыс басталғалы тұтынушылық несиелендіру қиын уаққытты бастан өткізуде. Кең аяқ өмір сүруге ешкім тыйым салмаған да шығар, енді өзіңнің де олай өмір сүргің келмейді, өткен қарыздарыңды өтесең ғой. Күшті шетелдік машиналар, пәтерлер, тұрмыстық техниканың, үйлену тойлары мен жерлеулердің кезеңі ұзартылған мерзімде Жазға кетті. Сонда не қалды?

Экономикалық өсу кезеңінде банктердің көбісі халықаралық қаржылық нарықтардағы жағымды ахуал мен тұтыну, халық табысының өсуі фонында бөлшек секторына көп көңіл бөлді. «Несиелендірудің жалпы көлеміндегі бөлшек несиелерінің үлесі 2008 жылдың басындағы 35%-дан 2009 жылдың 1-ші маусымында  30%-ға дейін төмендеп кетті. Сонымен қатар мерзімі өткен қарыздардың пайызы 2008 жылдың басындағы 0,8-ден қазіргі уақыттағы 5,8-ге дейін өсті», - деп, «Тройка Диалог Казахстан» компаниясының сарапшысы Айнұр Медеубаева белгілейді.

«Әрине, банктер қарыз алушыларды таңдауда талғампаз бола бастады, - дейді Айнұр Медеубаева. – Егер дағдарысқа дейін кейбір қаржылық институттар табыстары жайлы дәлелдеме талап етпей, қамтамасыз етілмеген тұтынушылық несиелерді берген болса, онда бүгінгі таңда шарттар кішкене қатаңдау: төлем қабілеттіліктің дәлелдемесі барлық жерде талап етіледі, мөлшерлемелер орташа алғанда 8-10%-ға жоғары, шешім қабылдауға қатаң түрде қарау қолданылады. Сонымен, бүгінгі таңда нарықта, кепілсіз тұтынушылық несиенің ең жоғары сомасы шамамен 1,5 млн. теңгені құрайды, бастапқы мөлшерлемелер орташа алғанда (табыстың кейбір жағдайларында тиімді мөлшерлемелер 40%-ға дейін жетеді)  22%-дан 30%-ға дейін түрленеді, несиелендіру мерзімі 6-7 жылға дейін. Менің ойымша, көп болмаса да, несиелендірудің мұндай шарттарына келісетін қарыз алушылар табылады, жақындағы бірнеше жыл ішінде нарық әрі қарайғы қысқартуларды күтеді».

«Банктің несиелік негізінің қарқыны өткен жылдың сәуір айымен салыстырғанда 11%-ға өскенін көрсетеді,  - дейді, «Эксперт РА-Казахстан» агенттігінің бас директоры Игорь Нуждин. - Сол уақытта жеке тұлғаларға раналған несиелер, әсіресе тұтынушылық, 2008 жылдың сәуір айымен салыстырғанда 2009 жылдың сәуір айының аяғына қарай 3,9%-ға төмендеді. Халықтың несиелік белсенділігінің төмендеуі екі фактормен байланысты. Жеке тұлғалардың қаржылық жағдайының нашарлауы мен қарыздарға қол жетімділіктің төмендеуі. Сонымен, мерзімі 3 айдан бір жылға дейінгі, көп сұранысқа ие несиелер бойынша орташа мөлшерлемелер қазіргі кезде шамамен теңгемен 28%-ды құрайды. Салыстыру үшін өткен жылдың сәуір айында олар 22%-ға тең болды. Халық аз мерзімдік болашақта табыстың өсетініне сенімді болмаған жағдайда, несие бойынша мұндай мөлшерлемелердің тұтынушылық несиелендіруді ынталандыратындығы екі талай».

«Егер екі жыл бұрын адамдар өздерінің жылдан жылға қамтамасыз етіліп келе жатқанына сенімді болса, онда, 2007 жылдың соңынан бастап бүгінгі таңға дейін, халықтың сатып алушылық сезінуінде белсенділіктің төмендегені анық байқалады, - деп, DAMU Research Group әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер Агенттігінің директоры Тимур Айсаутов атап өтті.   Бұған біріншіден инфляция әсер етеді – бұл азық-түлік өнімдері, медицина, көлік, байланыс қызметтері, білім сияқты негізгі тұтынушылық көзқарастарға бастапқы бағалардың өсуі есебінен шынайы сатып алушылық қабілетті төмендететін үрдіс. Яғни халықтың басым бөлігіне әлеуметтік қорғаудың стратегиялық қамалы болып табылатын үрдіс».

«Бүгінгі таңда тұтынушылық белсенділіктің негізгі айқындауыштары жақсы әсер қалдырады, - деп, Игорь Нуждин атап көрсетті. – Сонымен сатып алу арманының индексі 2009 жылдың мамырында +2-ні құрады, ал 2008 жылдың мамыр айында ол +9-ға тең болған. Оның көрсеткіші нөлге дейін төмендеген 2009 жылдың басындағыға қарағанда жақсырақ болғанымен, 2008 жылдың басындағы +16+17-мен салыстырғанда, бұл көрсеткіш өте төмен және қазақстандықтардың сатып алуға талпынысы жоқ екенін куәландырады».

Бөлшек несиелендірудің қайтарымдары макроэкономикалық көрсеткіштерге қалай әсер етеді? Бұл сұраққа мәндес жауап жоқ. Бір жағынан, бұл жақсы болуы да мүмкін, себебі баяғыда-ақ бұрынғыдай өмір сүруге болмайтындығы түсінікті болған. Тұтынушылық сұраныстың броундық ағынында кез – келген директивалық нұсқаулар астынан немесе үстінен қарапайым адами «тілеймін» алдында бас иеді. «Тұтынушы әрдайым дұрыс айтады» деген ережені әлі ешкім алып тастаған жоқ. «Мынадай заңдылық бар, халықтың табысы жоғарылаған сайын, елдегі тауарлар мен қызметтердің бағасы соншалыты тез өседі – бұл аксиома, - деп, Тимур Айсаутов түсіндіреді. – Үкімет берілген функцияның тек коэффициентін ғана басқара алады, яғни әртүрлі өлшемдердің тәуелділік дәрежесін. Бастапқы табыстардың жоғарылауы бағаның өсуіне әкелмейтіндей әрекет жасай алатын мемлекеттің басшылығы жақсырақ. Яғни бастапқы бағалардың бастапқы табыстардың өсуінен артта қалуы күшті болған сайын, аталған үкімет соншалықты жақсы мамандандырылған».

Мынаны нақты түрде бекітуге болады: жақындағы бір – екі жылда тұтынушылық несиелендіру нарығы өз аясына қайта оралмайды. Мұндай жағдай бүгінгі таңда «қайтармаулар» көшкіні мен тұтынушылардың жалпы қайтуымен батыл түрде күресіп жатқан банктерді де, «экономды» тарифі бойынша өмір сүруге көнуіне тура келетін тұтынушылардың өзін де жайластырмайды. Бұл жағдайдың барлығы тиімді болатын жалғыз тұлғалар – коллекторлық агенттіктер. Оларда, айтатыны не, жұмыс көбейді. Сондықтан, егер сіздерде қаржылық форс-мажорлар болып қалса, сіз жайдан – жай кезекті төлем жасауды ұмытып кеттіңіз немесе банкті қыздыруды шештіңіз – қонақтарды күтіңіз. «Күшті ұялы талефондарды, күшті жаңартылған тұрмыстық техникаларды немесе автокөліктердің соңғы үлгілерін көргенде барлығын ұмытатын санасыз азаматтар әлі де бар, - деп, жасырындық шарты бойынша коллекторлық агенттіктердің бірінің қызметкері айтты.

- Тұтынушылық несиелендірудің дүрлікпесі кезінде оған қалағанын рәсімдеген, ол уақытта адам несиені қалай төлейтінін, сондай көліктің өзі қанша отын «жейтінін» және сол сияқтыны ойламаған. Ал үш ай өткеннен кейін оған сот жасауылы келді».

Анастасия Бакурина, арнайы BNews.kz үшін

Түсіндірмелер

Қонақтар түсініктеме жаза алмайды. Жай ғана тіркеуден өту рәсіміне қатысыңыз..