Жаңалықтар таспасы » IT индустриясы, IT-индустриясы, Жобалар мен технологиялар, Конференциясы, Рейтингтер, Саясат, Қоғам » ІТ-білім беру мәселесі жөнінде online-конференция

21.7.2010, 9:30

ІТ-білім беру мәселесі жөнінде online-конференция

АСТАНА.Шілденің 21-і. BNews.kz. – Бүгін 15:00 сағатта BNews.kz порталында «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ вице-президенті Ескендір Әлиевтің қатысуымен: «Қазақстан ІТ-Университетінің ІТ-білімінің халықаралық деңгейі: мүмкіндіктер мен болашағы» тақырыбына арналған online-конференция өтеді.

Ақпараттық анықтама: Ескендір Шәмілұлы Әлиев – «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ вице-президенті.

28.05.1970 жылы Ресей Федерациясында туған.

Еңбек ету жылдарында бірқатар басшылық қызметтер атқарған. Соның ішінде «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары,  «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, «Электрондық коммерциялар орталығы» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы болды.

2010 жылғы маусымның 8-інде «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ вице-президенті болып сайланды.

 

Сервистік қызметті қазақстандық бейнепорталы ұсынады kaztube.kz

Түсіндірмелер

Қонақтар түсініктеме жаза алмайды. Жай ғана тіркеуден өту рәсіміне қатысыңыз..