21.07.2010, 09:30
ІТ-білім беру мәселесі жөнінде online-конференция
Жаңалықтар таспасы » Басты жаңалықтар, Конференциясы, Экономика » ҚР Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешевтің қатысуымен Online-конференция өтті
АСТАНА. Наурыздың 10-ы. BNews.kz. – Бүгін BNews.kz ақпарат агенттігі студиясында ҚР Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешовтің қатысуымен «Қазақстанның жаңа индустриальды саясаты» тақырыбында Online-конференция өтті.
ҚР Индустрия және сауда министрлігінің басшысы еліміздің тұрақты индустриальды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасының (ПФИИР), бірінші бесжылдық 2014 жылға дейінгі индустриальдандыру жөніндегі жоспарын қосқанда, төрт негізгі бағдарламалары - «Бизнестің жол картасы - 2020», «Экспорт-2020», «Инвестор-2020», «Өнімділік-2020», жүзеге асырылып жатқан жобаларды қаржылық және инвестициялық қолдау мәселелері, бизнеске тару шарттары, ПФИИР-дің нақты нәтижелеріне аймақтық құрылымдардың қатысуы мен жауапкершілігі туралы барлық аспектілерін әңгімеледі.
Тұтастай алғанда, республиканың жаңа индустриальды саясаты ұлттық экономиканың шикізаттық бағытынан бас тартып, жоғары үстемелі құнды өнімдер шығаруға, өнім өңдеу секторын дамытуға, инновациалық технологияларды енгізу арқылы еңбектің тиімділігі мен өнімділігін арттыруға бағытталған.
Индустриальдандыру бағдарламасының мақсатты индикаторлары: 2008 жылдың деңгейінен ЖІӨ-ді 50 % өсіру, өңдеуші секторда еңбек өнімділігін 50% арттыру мен экономиканың жекелеген секторларында 100 %-ға көтеру, шикізаттық емес экспорттың үлесін 40 %-ға дейін жеткізу, ЖІӨ-нің энергосыйымдылығын 10 % төмендету, инновациялық кәсіпорындардың үлесін 10 %-ға дейін ұлғайту болып табылады.
31.07.2010, 10:03 | 0
(Орыс болжамында болады) Премьер Казахстана открыл IV ярмарку достижений агропромышленного комплекса «Караоткел–2010»
27.07.2010, 13:46 | 0
(Орыс болжамында болады) Правительство Казахстана может пересмотреть в сентябре прогноз роста ВВП
27.07.2010, 13:23 | 0
(Орыс болжамында болады) Рост ЭТП на нефтепродукты возможен в случае роста цен на энергоресурсы - Масимов
27.07.2010, 12:40 | 0
(Орыс болжамында болады) Правительство Казахстана должно быть готово к сюрпризам - К. Масимов
27.07.2010, 12:36 | 0
Қазақстан Премьер-министрі бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бюджеттің орындалуын нақты қадағалауды тапсырды (видео)