21.07.2010, 09:30
ІТ-білім беру мәселесі жөнінде online-конференция
Жаңалықтар таспасы » Инвестиция, Экономика, Қоғам, Құрылыс, Строительство и рынок недвижимости » Құрылыс саласын реформалау жөніндегі комиссия құрылмақ
АСТАНА. Наурыздың 10-ы. BNews.kz. – Қазақстан үкіметінің жанынан құрылыс саласын реформалау жөніндегі мекемеаралық комиссия құрылады. Бұл туралы кеше ғана өткен селектрлік мәжілісте үкімет басшысы Кәрім Мәсімов тиісті ведомстволарға тапсырма берді, деп хабарлайды Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметі.
Үкіметтің тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылыс саласындағы техникалық реттеу жүйесін реформалауға дайындау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 2020 жылы бірінші кезекті іс-шаралар кешенін атқару жоспарланған, олар реформаны ағымдағы жылы жүзеге асыруға кірісуге мүмкіндік береді. Бұл іс-шараларды іске асыру үшін 2010 жылы қосымша 500 млн теңге бөлу қажет болады. Ал үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев бұл қызметке ТМД елдерінің мамандарын емес, басқа елдердің мамандары мен институттарын да тарту қажет”, - деді.