21.07.2010, 09:30
ІТ-білім беру мәселесі жөнінде online-конференция
Жаңалықтар таспасы » Банктер мен қаржылар, Банкі және қаржы, Экономика, Қоғам » Шетелдік жұмыс күшіне арнайы квота белгіленді
АСТАНА. Наурыздың 10-ы. BNews.kz. – Лондонда өткен кездесу барысында Қарашығанаққа әкелінер жұмыс күшіне арнайы квота белгіленді. Бұл туралы бүгін өткен арнайы брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлім етті.
Бүгінде Қарашығанақтың өнімі Ресейге құбырмен айдалып, Орынборда өңделген соң елге қайта оралады. Ресейәлік газ деп қате түсіндіріліп жүрген бұл бағыттағы құбырды бір емес, бірнеше мақсатта пайдалануда. Лондонда өткен Қарашығанақтың келешегін талқыланған келіссөздерде бұл мәмілеге арнайы барып, екіжақты әріптестіктің жай-жапсарын талқылаған облыс әкімі бірқатар келісімдерге қол жеткізді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Журналистердің жаңа жұмыс орны ашылуы есебінен келімсектер қатары көбейіп кетпей ме деген қобалжулы сауалына әкім орнықты жауап қайтарды. Енді шетелдік жұмыс күшіне арнайы квота енгізіліп отыр. Осы квота ізімен шеттен жұмысшылар тартылады. Бұл жатжерліктердің келім-кетімін реттеуге мүмкіндік бермек. Өз сөзінде, Әкім өңіріміздегі газ бағасына тоқталды. Жыл сайын 650 млн. текше метр газ тұтынатын облыстағы көгілдір отын құны өзге аймақтардан әжептәуір төмен.
Жиын соңында аймақ басшысы өңірдің түрлі сала көрсеткіштері бойынша өзге аймақтардан көш ілгері екендігін айтты. Президенттің жас мамандарды ауылдықжерлерге жіберіп, тәжірибе жинақтау туралы тапсырмасы да орындалуда.