21.07.2010, 09:30
ІТ-білім беру мәселесі жөнінде online-конференция
Жаңалықтар таспасы » Банктер мен қаржылар, Банкі және қаржы, Экономика » Мемлекет басшысы Қазақстанның дағдарыстан кейінгі кезеңде қаржы секторын дамыту тұжырымдамасының жобасын мақұлдады
АСТАНА. Ақпанның 9-ы. BNews.kz. - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дағдарыстан кейінгі кезеңде қаржы секторын дамыту тұжырымдамасының жобасын мақұлдады. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко мәлім етті.
Г. Марченко еске салып өткендей, 2009 жылдың аяғында Ұлттық банк Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі, Алматы өңірлік қаржы орталығымен және қаржы нарығы ұйымдарымен бірлесе отырып, Қазақстанның дағдарыстан кейінгі кезеңде қаржы секторын дамыту тұжырымдамасының жобасын жасаған.
“Осы жылдың 1 ақпанында бұл тұжырымдаманы Қазақстан президенті мақұлдады”, - деді Ұлттық банк басшысы.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, үкімет мүшелері 2009 жылғы 10 қарашада Қазақстанның дағдарыстан кейінгі кезеңде қаржы секторын дамыту тұжырымдамасын қабылдады.
ҚР Ұлттық банкінің басшысы Григорий Марченконың мәліметінше, бұл тұжырымдамада “дағдарыстан кейінгі кезеңде Қазақстанның қаржы саласын дамытудың шешуші төрт бағыты айқындалған”. “Бірінші бағыт ел экономикасын дамытуды қаржыландырудың негізгі тетігі ретінде мемлекет пен жеке меншіктің серіктестік институтын пайдалануды көздейді”, - деді Г. Марченко.
Тұжырымдаманың екінші принципінде қаржылық секторды қадағалауды реттеу қарастырылған. Ұлттық банк басшысының түсіндіруінше, “экономикалық өсім кезінде қадағалау күшейтілсе, ал құлдырау кезеңінде - керісінше бәсеңсиді”.
“Үшінші бағыт қаржы секторындағы тепе-теңсіздікті ерте анықтау және оның алдын алудың, нақты қаржылық активтердің рыноктарында көпіршіктер түзілудің алдын алудың, сондай-ақ, жүйелік тәуекелдерді азайтудың тиімді тетіктерін дәйектеуді көздейді”, - деді Г. Марченко.
Төртінші бағыттың аясында “қаржылық дағдарысқа байланысты қаржылық сектордағы қарым-қатынастарды реттейтін заңнама қабылдау қарастырылған”.
Атап айтсақ, оның айтуынша, “шетелдерге заңсыз шығарылған активтерді Қазақстанға қайтаруды қамтамасыз ету жолдарын анықтау мақсатын шешу қажет”.
Сондай-ақ, “егер олардың қызметі заңмен белгіленген тәртіппен заңсыз деп танылып, Қазақстанның қаржылық секторына айтарлықтай шығын келтірген жағдайда қаржылық институттардың, олардың қызметкердерінің, аффилиирлік тұлғалары мен лауазым иелерінің қызметіне қатаң шектеулер енгізіледі, тіпті Қазақстандағы қызметіне толық тыйым да салынады”.
Сондай-ақ, оның айтуынша, тұжырымдама аясында “осы тектес схемаларды құруға қатысқан” қаржылық институттардың, сондай-ақ, акционерлері мен лауазым иелерінің “қара тізімі” жасалады.
30.07.2010, 12:06 | 0
(Орыс болжамында болады) Минсельхоз Казахстана обещает не проводить насильственного укрупнения мелких сельхозтоваропроизводителей
29.07.2010, 16:56 | 0
(Орыс болжамында болады) Предпринимателям и ученым предложили обращаться за помощью в развитии инновационных проектов в бизнес-инкубаторы
27.07.2010, 13:46 | 0
(Орыс болжамында болады) Правительство Казахстана может пересмотреть в сентябре прогноз роста ВВП
27.07.2010, 13:07 | 0
(Орыс болжамында болады) Крупнейшие нацкомпании выполнили основные производственные показатели
27.07.2010, 12:00 | 0
(Орыс болжамында болады) В первом полугодии в Казахстане на 1,9 млрд тенге увеличилась кредиторская задолженность по государственному бюджету