Жаңалықтар таспасы » Жобалар мен технологиялар, Экономика, Қоғам » Қар құрсауынан 5 автобус, 15 жеңіл көлік және 120 адам құтқарылды

26.2.2010, 12:41

Қар құрсауынан 5 автобус, 15 жеңіл көлік және 120 адам құтқарылды

ӨСКЕМЕН. Ақпанның 26-сы. BNews.kz.  – Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданы аумағындағы жолдарда қар құрсауында қалған 5 автобус, 15 жеңіл көлік және 120 адам құтқарылды деп хабарлады  ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметі.

Алматы - Өскемен автожолының 705-ші шақырымында қар құрсауында қалған көліктер мен 120 адам туралы хабар бейсенбі күні таңғы 9-дар шамасында келіп түсті, дейді ТЖМ, аймақтардан келіп түскен хабарлар негзінде.

«Сағат кешкі сегіздер шамасында іздестіру барысында 5 автобус пен 15 жеңіл көлік табылып, олар қар құрсауынан құтқарылды», - делінген таратылған хабарда.

Құтқарылғандар арасында зардап шеккендер мен үсік шалғандар жоқ, құтқару операцияларына «Қазавтодор» РМК-нің 3 техникасы мен 3 маманы жұмылдырылды, делінген таратылған хабарда.

Түсіндірмелер

Қонақтар түсініктеме жаза алмайды. Жай ғана тіркеуден өту рәсіміне қатысыңыз..