Жаңалықтар таспасы » Ауыл шаруашылығы, Басты жаңалықтар, Экономика, Агропром » ҚР Үкіметі СҚО элеваторларды өткен жылғы бидайдан босатып, жаңа егін орағына дайындау үшін қаржы бөледі
ПЕТРОПАВЛОВСК. Шілденің 8-і. BNews.kz – ҚР Үкіметі Солтүстік Қазақстан облысындағы өткен жылдың астығын Батыс Қазақстанға тасымалдап, элеваторларды жаңа егін орағының астығына дайындау үшін қаржы бөледі. Бұл жөнінде ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов өзінің Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары барысында мәлім етті.
«Солтүстік өңірдің көптеген элеваторларында өткен жылдың астығы әлі күнге дейін сақтаулы. Осы бидайды Қазақстанның батысына тасымалдау үшін Үкімет қордан қаржы бөледі», - деді К.Мәсімов.
Сондай-ақ, Премьер-министр жұмыс сапары ауқымында Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданындағы «Баско» ЖШС ет комбинатында болды.
Үкімет басшысы кәсіпорынмен танысып, отандық ет өнімдерінің халықаралық сапа стандартына сәйкестігін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімін Ресей Федерациясы рыногына шығарудың келешегі, сондай-ақ баға саясаты мәселелерін талқылады.
Кәрім Мәсімов мұнай және газ министріне СҚО газ құбырын тарту мәселесін қарауды тапсырды.
«Мен қазір мұнай және газ министріне осы мәселені жан-жақты пысықтауды тапсырамын», - деп айтты К.Мәсімов солтүстік қазақстандық аграршылармен кездесуінде.
Сурет ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен алынды
Киевте Қазақстан-Украинаның Мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі 9-шы отырысы өтеді
Үкімет 2011-2013-ші жылдарға арналған республикалық бюджетті мақұлдады
2011-ші жылы ІЖӨ нақты өсуі 3,1 % болады
Қазақстан Қырғызстаннан әкелінетін тауарлар үшін қосымша өткізу тірегін ашуға дайын – К.Мәсімов