21.07.2010, 09:30
ІТ-білім беру мәселесі жөнінде online-конференция
Жаңалықтар таспасы » Басты жаңалықтар, Бейне-жаңалықтар, Мұнай және газ, Мұнай мен газ, Экономика » Қазақстан Президенті ЕО елдеріне Қашаған мұнайын тасымалдаудың жаңа бағдарын ашуды ұсынады (видео)
АСТАНА. Наурыздың 2-сі. BNews.kz. – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Румыния Президенті Траян Басескумен кездесті, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Н.Назарбаев Румыния Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропадағы жетекші серіктесі болып табылатынын атап өтті. 2009 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 878 миллион долларды құрады. Қазақстанда румыниялықтардың қатысуымен, геологиялық барлау, мұнай мен газ өңдеу, ЖЭК үшін жабдықтар жеткізу, құрылыс және сауда салаларымен айналысатын 35 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Румынияда құрылыс, электротехника, алтын өңдеу өнеркәсібі, сауда, жиһаз, киім-кешек, аяқ киім және дәрі-дәрмек салаларында 11 румын-қазақстандық кәсіпорын тіркелген.
Н.Назарбаев румындық кәсіпкерлерді Қазақстанды индустрияландыруға қатысуға шақырды.
Келіссөздер барысында ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары энергетика, ауыл шаруашылығы, туризм және өзге салалар болып табылатыны атап өтілді. Мұнай-газ саласындағы қазақстан-румыния ынтымақтастығы ерекше мәнге ие. «ҚазМұнайГаз» ҰК-ның «Ромпетрол групп» холдингісінің 100 пайыз акциясын сатып алуы Қазақстанның Еуропалық Одақтағы алғашқы ірі инвестициялық жобасы болып саналады. Қазақстандық инвестиция көлемі 3,5 миллиард долларды құрайды. Осы жобаны іске асырудың арқасында Қазақстан Румынияға жетекші мұнай тасымалдаушыға айналды, яғни осы елге 30 пайызға жуық мұнай тасымалдау қамтамасыз етіледі.
Румын журналисінің «Констанца-Триест» мұнай құбырын пайдалану перспективасы туралы сұрағына жауап бере келе, Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі ірі кен орны «Қашағанды» игеру арқылы Қазақстан жылына 50 миллион тоннаға дейін қосымша мұнай өндіретініне назар аударды. Осыған байланысты «кавказдық дәліз» арқылы көмірсутегіні тасымалдаудың жаңа бағытын құру: яғни, Қазақстаннан Каспий теңізі арқылы Бакуге, Грузия мен Қара теңіз арқылы танкермен Румынияға мұнай тасымалдау перспективасы ұсынылады.
- Сонда «Констанца-Триест» жобасы бізге қажет болады. Біз«Констанца-Триестке» шығу үшін Каспий мен Қара теңіз арқылы жаңа мұнай құбырын салуға жұмыс істеуіміз керек және Дунай арқылы Еуропаның өзге елдеріне шығуға мүмкіндік тумақ. Сондықтан бізде қызығушылық бар және біз мұнай компанияларына тиісті тапсырма бердік, - деді Н.Назарбаев.