Жаңалықтар таспасы » Ақпараттық-талдау материалдары, Сараптама, Сараптау бағасы, Экономика, Қоғам » АЛ БІЗДІҢ ТЕРЕЗЕДЕН БАРЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ КӨРІНІП ТҰР

14.10.2009, 16:46

АЛ БІЗДІҢ ТЕРЕЗЕДЕН БАРЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ КӨРІНІП ТҰР

АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. BNews.kz. - Астана үшін 150 метр әлі төбе емес. Атақты «майшамның» рекордынан асуға әмірліктің Аldar Properties девелоперлік компаниясы кірісті.  Abu Dabi Plaza  382-метрлік биік шың Қазақстан астанасында 2015 жылы пайда болады – Орталық Азиядағы ең биік ғимарат болады. ҚР Индустрия және сауда министрлігінде бұл жобаны құны бір миллиард доллардан асатын «туризмнің маржаны» етті.

Бейбітшілік және келісім сарайы жобасының авторы британдық архитектор Форест Норманның 88 қабаттық туындысын сол жақ жағажайда, Қорғаныс министрлігінің ғимараты артында құрылады. Ол әртүрлі биіктіктегі сегіз бірге «желімделген» блоктарды білдіретін болады. Олар жарық түсіретіндей және сол уақытта бірін-бірін желден қорғайтындай етіп орналастырылған. Көп қабатты үйдің оңтүстік бөлігінің терезелерінің шынымен жабылуының мүлтіксіз технологиясы күн энергиясын жинақтайды және ыстық су кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Батыс және солтүстік жағынан терезелер жылуды ғимараттың ішінде ұстап тұрады. Естумізше, жобалаушыларға бұл шешімді қатты аяздарда үлкен топқа жинақталатын императорлық пингвиндер «айтып жіберген» көрінеді. Сонымен қатар блоктардың бірін күн сәулелері орта және төменгі беткейлерде орналасқан қысқы бақшаларға және сауда орталықтарына түсу үшін жер үстінен 18 қабат деңгейінде іліп қояды. Тағы бір инжинерлік олжа – кешенді Астананың халықаралық әуежайымен біріктіретін тура көп рельсті жол. Атауының өзі мың бір түн ертегісін еске түсіретін биік шыңның құрылысы туралы шешім ертеректе-ақ қабылданған еді, дегенмен барлық қажет процедураларды келістіру үрдісі үш жылға созылып кетті. Ұзақ уақыттан бері кедергінің негізгі тасы болып әмірлік жақ кеуделеп алған жеңілдіктер жайлы мәселелер қала берді. Біріккен Араб Әмірліктері мен ҚР үкіметтерінің арасындағы келісім ратификациясына қол қоя отырып, 7 маусымда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келіссөз үрдісінде соңғы нүктені қойды. Бұл келісіммен делдал-компанияға салық салуда, ақша реттеуде, кедендік хаттауда, визалық қамтамасыз етілуде және шетелдік жұмыс күшін жалдауға рұқсаттың берілуінде айтарлықтай жеңілдіктер көрсетіледі. Осылайша, компаниямен елге әкелінетін алкогольді өнімдер, пива, темекі өнімдері, бензин, дизельді отыннан басқа барлық тауарлар мен көлік құралдары құрылыс уақытында кедендік төлемдерден, импортқа ҚҚС-нан, демпингке қарсы, қорғаушы және өтемдік баж салықтары мен акциздерден босатылатын болады. Одан басқа, пайдалану кезеңінде (ал бұл шамамен 20 жыл) Аldar Properties меншікке салықты және жер салығын төлемейтін болады. Әділдік үшін мемлекеттік алыптардың қазіргі уақыт бойынша прецедентсіз жеңілдіктер беруі барлығына дерлік ұнаған жоқ. Дегенмен Индустрия министрлігінде бұл келісімнен Қазақстан ұтылғаннан гөрі көбірек ұтады деп сенуде.

Біріншіден, біздің жақтан сәйкес ізгі ниет болмағанда әмірлік әріптестерден үлкен көлемді инвестициялық салымдарды күту екі талай болар еді, себебі қалай қарасаңда жобаға қаржыны арабтар бөліп жатыр ғой (шамамен 1,5 миллион доллар), сондықтан әуенге де тапсырысты солар береді.

Екіншіден, үлкен үмітті «мультипликаттық нәтижеге» артып отыр. Сексен сегіз қабатты Abu Dabi Plazaда екі қонақүй (біреуі - люксті) және бес мың орташа және жоғары класстың пәтерлері орналастырылады. 80 мың шаршы метр офистарға, бизнес – орталықтарға және дүкендерге арналады. Қазақстандық билік басындағылардың пиғылы бойынша, осы шаруашылықтың барлығы қазына үшін негізгі табыс көзі болып табылады. «Бұл ғимараттың салынуының мағынасы – бұл сауда орындарының кәсіпорындарға жалға берілуі, пәтерлердің сатылуы. Жалға беруден, пәтерлерді сатудан корпоративтік табыс салығы төленетін болады… Барлық делдалдар және субделдалдар, аталған алаңдарда жұмыс істейтін барлық бизнес салықтарды төлейтін болады», - деп жобаның мәжілісте тұсауын кесе отырып, Сауда және индустрия министрлігінің министрі Әсет Есекешев түсіндіріп кетті.

Бұдан басқа үлкен көлемді обьектінің салынуы – бұл бірінші кезекте құрылыс материалдары және еңбек нарығы үшін үлкен тапсырыс екенін еске салып кетті. Жобада барлығы  20.000 адам жұмыспен қамтылады. Солардың ішінде 6600 қызметкерлерді – инженерлерді, техникалық мамандарды және жоғары мамандандырылған жұмыскерлерді – келісім бойынша Аldar Properties өзімен алып келуге құқылы. Осылайша, қазақстандық квота 13.400 адамды құрайды, бұл да аз емес. «Көлік компаниялары, субделдалдық ұйымдар көбіне қазақстандық болады. Ал қара жұмыскерлер туралы сөз болып жатқан жоқ», деп парламенттегілерді Индустрия министрлігі сендіреді.

Мамандар әзірше Abu Dabi Plazaның болашағын жорымайды, дегенмен олардың ресми болжамдарды бағалауында айтарлықтай түсіндірілетін скепсис байқалады.  «Бір жағынан мұндай кешеннің салынуы Астананың жылжымайтын мүлік нарығын дамытуға өзінің оң әсерін тигізеді, - деп DAMU Research Group директоры Тимур Айсаутов мойындайды, - Бұл нарықтың дамуындағы жаңа технологиялық кезең, яғни бұл асқан заманауи құрылыс технологиялары және жергілікті кадрларды оқыту». Бұған қоса, маман Астана қаласының жылжымайтын мүлік нарығы барлық республика бойынша тек дамымай ғана жатқан жоқ, төмендеуін жалғастыруда екендігін атап өтті. Төмендеу қарқынының бір жыл бұрынғыдай емес екендігіне қарамастан, қалай болғанда да жоғарылау әлі де жоқ. Жақын уақытта өсудің алғышарттары Қазақстан ішінде де, одан шет жерде де болжалмайды. Сондықтан да алып шыңдағы пәтерлер үлкен сұранысқа ие болады деп есептеу екі талай. Тимур Айсаутовтың есептеуінше, жобаның негізгі кемшілігі – оның маңызды деңгейде нарық заңдары түрткісі бойынша емес, ал мемлекетті әкімшілік аппараттың қалауы бойынша жүзеге асырылуы. «Яғни экономикалық теория тілімен айтатын болсақ, онда бұл бизнес жоба нарыққа болуы керектей «көрінбейтін қолмен емес», оның табиғи заңдарына қарсы түрде итеріп енгізіледі.  Бұл ең алдымен мемлекеттік және әлеуметті тапсырыс, бірақ қалай болғанда да нарықтық емес», деп  DAMU Research Group басшысы түсіндіреді.

Астаналық биік шыңның жартысы берілетін Holiday Inn бес жұлдызды қонақ үйдің болашағы бұдан бетер анықсыз болып көрінеді. Себебі сол баяғы – дағдарыс. Еркін өмір сүруді бүгінгі таңда тіпті ірі холдингтер мен концерндердің топ-менеджерлерінің де қалтасы көтермейді, бірақ дәл осылар «люкс» классының қонақ үйлік қызметтеріне деген дәстүрлі сұранысты құрады. Сонымен қатар олар дүниежүзін аралауды аздатты.  «Ғаламдық рецессия жағдайында шетелдік компаниялар іс-сапарларға кететін шығындарды кесіп тастайды және қызметкерлерін арзандау, яғни төрт-үш жұлдызды қонақ үйлерге орналастырады. Сондықтан бес жұлдыздық сегменттегі сұраныстың өсуі – қазір де, жақын болашақта да – екі талай. Оны тек дүниежүзілік экономиканың соңғы қалпына келуінен кейін күтуге болады», - деп Bismark консалтингтік компанияның әріптесі Светлана Коновалова есептейді. Маман Қазақстандағы премиум-сегмент жүктеменің анық көрсетілген мерзімдікті иемденетіндігін атап өтті. Туристердің негізгі ағыны көктем мен күз кезеңдерінде байқалады. Елдің қаржы астанасы Алматыдағы мұндай қонақ үйлердің жылдық орташа толтырылуы 60-70%-дан аспайды. Астана үшін, екі қаланың іскерлік белсенділік индексіндегі айтарлықтай айырмашылықты есептей отырып, бұл көрсеткіштің бірнеше төмен болатындығы анық. Ал барлығын жори келе, Holiday Innнің төрт жұлдызды «көршісінің» көбірек жолы болады. Орташа баға сегментіндегі қонақ үйлерге деген қажеттілік жақын болашақта жоғарылайтын болады. «Мұндай қонақ үйлер бізде шыныменде жеткіліксіз, сонымен қатар олардағы қызмет көрсету деңгейі де дүниежүзілік стандарттардан айтарлықтай төмен», - деп Светлана Коновалова мойындайды.

Осылайша, құрғақ қалдықтағы анық оң жақтардың ішінде шетелдік инвестициялар ғана қалады, ал бұл өздігінен аз емес. Бұл жерде мәселе таяу шығыстық мұнай долларларында ғана емес. Дүниежүзілік бизнес-тәжірибеде аксиома болып кетті: үлкен қалалар үлкен ақшаларды тартады. Сондықтанда ғаламдық және аймақтық инвестициялық ағымдардың аккумуляторы рөліне үміткер кез келген қалаға ерте ме, кеш пе имиджімен күштеп айналысуға және өзіндік биік шыңдарды салуға тура келеді. «Бұл өздігінен бірінші кезекте шетелдік капиталдар үшін инвесторларға арналған псхологиялық дабыл», - деп Тимур Айсаутов атап өтті. Сондықтанда егер Астанаға жоғарыға көтерілу және дүниежүзінің ең беделді мегаполистерінің қатарында қосымша ұпайларды жинау мүмкіндігі берілсе, бұл мүмкіндікті қолданбау күнә болар.

Святослав Поляков

Түсіндірмелер

Қонақтар түсініктеме жаза алмайды. Жай ғана тіркеуден өту рәсіміне қатысыңыз..