Жаңалықтар таспасы » Басты жаңалықтар, Жобалар мен технологиялар, Экономика » Астанадағы «Хан шатыр» Сауда ойын-сауық орталығы неміс компаниясының басқаруына берілді

Астанадағы «Хан шатыр» Сауда ойын-сауық орталығы неміс компаниясының басқаруына берілді

АСТАНА. Тамыздың 12-сі. BNews.kz - Астанадағы Сауда ойын-сауық орталығы «Хан шатыр» әкімшілігі Bilfinger Berger  неміс компаниясымен келісім шартқа қол қойды, деп хабарлайды Сауда ойын-сауық орталығының баспасөз қызметі. Бұл туралы ақпарат Астана қаласы әкімінің ресми сайтына орналастырылған.

«Сауда ойын-сауық орталығының аумағына сәйкес Халықаралық дәрежеде сапалы қызмет көрсету үшін немістің  баршаға танымал Bilfinger Berger компаниясымен менеджмент бойынша келісімге қол қойылды» деп атап көрсетілген Сауда орталығының баспасөз парағында.

Таратылған ақпараттардағы мәліметтер бойынша, Bilfinger Bergerтің басқару саласында 115-жылдық тәжірибесі бар көрінеді. Және әлемнің көптеген елдерінде жалпы көлемі 80 млн шаршы метрден астам сауда аумағы тіркелген.

Түсіндірмелер

Қонақтар түсініктеме жаза алмайды. Жай ғана тіркеуден өту рәсіміне қатысыңыз..