Жаңалықтар таспасы » Басты жаңалықтар, Экономика » Алғашқы жарты жылдықта Қазақстанның ІЖӨ 8% құрады – ҚР Экономикалық даму министрлігі

27.7.2010, 11:11

Алғашқы жарты жылдықта Қазақстанның ІЖӨ 8% құрады – ҚР Экономикалық даму министрлігі

АСТАНА. Шілденің 27-сі. BNews.kz – Алғашқы жарты жылдықта Қазақстанның ІЖӨ 8% құрады. Бұл жөнінде бүгін ҚР Үкіметінде өткен ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығындағы республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысына арналған кеңейтілген жиын барысында ҚР Экономикалық даму министрі Жанар Айтжанова хабарлады.

«Алдын ала жасалған бағалау бойынша 2010 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ІЖӨ көрсеткіші 8% құраған. Мұндай көрсеткіш қысқа мерзімдік экономикалық индикатордың (ҚМИ) өзгеруі негізінде жасалған. Бұл ел экономикасының негізгі алты базасының нақты өсімінен құралады. Өткен есептік кезеңде ҚМЭ 8,8%-ға өсті», - деп атап өтті Ж.Айтжанова.

Оның айтуы бойынша, «өсім базаның төмендігі негізінде орын алды, естеріңізде болса өткен жылдың бірінші жарты жылдығында ЖІӨ 2,4% құраған болса, қысқа мерзімдік экономикалық индикатор 4,1 пайызға төмендеген».

«Үкіметтің экономиканы қалпына келтіру жөнінегі шаралары сөз жоқ, игі ықпалын тигізді, сондай-ақ дағдарысқа қарсы бағдарламалар мен дағарыстан кейінгі даму жөнідегі шаралар да экономиканың түзелуіне өз септігін тигізді», - деп атап өтті ҚР Экономикалық даму және сауда министрі.

Суретте: Жанар Айтжанова. Сурет kapitalist-news.ru сайтынан алынды

Тақырып бойынша жаңалықтар

Киевте Қазақстан-Украинаның Мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі 9-шы отырысы өтеді

Үкімет 2011-2013-ші жылдарға арналған республикалық бюджетті мақұлдады

2011-ші жылы ІЖӨ нақты өсуі 3,1 % болады

Қазақстан Премьер-министрі Тәжікстан Сыртқы істер министрімен екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Үкіметі құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі Президент Жарлығын жүзеге асыру туралы қаулының жобасын мақұлдады

ҚР Премьер-министрі ертең ҚР, АҚШ және Ұлыбритания қарулы күштерінің «Дала қыраны-2010» атты бірлескен оқу-жаттығуына қатысады

Мәсімов ІІМ-ге құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі салалық мемлекеттік бағдарлама жасауға кірісуді тапсырды.

Қазақстан Премьері ЖЭС-3 (ТЭЦ-3) және 220 кВт электртарату желісі құрылысының іргетасы қаланатын орынға капсула салды (бейне)

Қазақстан Қырғызстаннан әкелінетін тауарлар үшін қосымша өткізу тірегін ашуға дайын – К.Мәсімов

Қазақстан Үкіметі 2011-2015 жылдары елдің денсаулық сақтау саласын реформалауға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасын мақұлдады

Түсіндірмелер

Қонақтар түсініктеме жаза алмайды. Жай ғана тіркеуден өту рәсіміне қатысыңыз..