Жаңалықтар таспасы » Экономика, Қоғам » Қазақстан қор биржасындағы фиксинг қорытындысы бойынша “KazPrime” индикаторы өзгеріссіз қалып, жылдық 1,76 пайызды құрады

10.3.2010, 11:55

Қазақстан қор биржасындағы фиксинг қорытындысы бойынша “KazPrime” индикаторы өзгеріссіз қалып, жылдық 1,76 пайызды құрады

АЛМАТЫ. Наурыздың 10-ы. BNews.kz. - Қазақстан қор биржасындағы 2010-жылғы 10 наурыздағы фиксинг қорытындысы бойынша “KazPrime” индикаторы өзгеріссіз қалып, жылдық 1,76 пайызды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұрын хабарлағанымыздай, “KazPrime” индикаторы Қазақстанның банкаралық депозиттер нарығына 3 ай мерзіммен actual/360 есептеу базасына сәйкес ақша шығару ставкаларының орташа мәнін көрсетеді.

“KazPrime” индикаторы Қазақстан қор биржасында Алматы уақытымен 12 сағатқа дейін күнделікті есептеледі. Ол келісімге қатысушылардың Алматы уақыты бойынша сағат 10 мен 11 аралығындағы индикатордың қалыптасуы туралы Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесіне берген котировкасына сәйкес есептеледі. Котировканың ең төменгі көлемі - 150 млн теңге.

“KazPrime” индикаторын қалыптастыру жөніндегі келісімге қазір “АТФБанк”АҚ, “Қазкоммерцбанк” АҚ, “Қазақстанның халықтық жинақ банкі” АҚ, “HSBC Банк Қазақстан” АҚ ЕБ, “”RBS (Kazakhstan)” Еншілес банкі” АҚ, “ЦентрКредит Банкі” АҚ біріккен.

Түсіндірмелер

Қонақтар түсініктеме жаза алмайды. Жай ғана тіркеуден өту рәсіміне қатысыңыз..