Жаңалықтар таспасы » Оқиғалар » Кеше Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстарында далада өрт шықты

28.7.2010, 9:35

Кеше Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстарында далада өрт шықты

АСТАНА. Шілденің 28-і. BNews.kz.  - Кеше республика аумағында далалы алқаптағы үш өрт сөндірілді. Бұл туралы ҚРМәселен, шілденің 27-сі күні 16.08-де, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Жібек-Жолы ауылында 360 гектар далалы алқап өртке оранды.

Тілсіз жау ОҚО бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 28 адамы мен 4 техникасы, сондай-ақ 15 жергілікті тұрғынның күшімен осы күні түңгі 12 шамасында ауыздықталды.  Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.

Тағы екі өрт Ақтөбе облысында сағат15 30 минутта  шықты. Жалын Әйтеке би және Мәртүк аудандарына қарасты Үшқатын мен Байнасай ауылдық округтерінің жалпы 300 гектарға жуық аумағын шарпыды.

Екі оқиғада да төтенше жағдай жергілікті халықтың әрекет етуімен жойылды.

ТЖМ-нан мәлім еткендей, өрт салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Түсіндірмелер

Түсіндірме беруге тыйым салынады.