21.07.2010, 09:30
ІТ-білім беру мәселесі жөнінде online-конференция
Жаңалықтар таспасы » Саясат, Қоғам » Мәжіліс депутаты Алматы метросының құрылысын салу жобасын тоқтатуды ұсынады
АСТАНА. Наурыздың 10-ы. BNews.kz. – Мәжіліс депутаты Амангелді Момышев Алматы метросының құрылысын салу жобасын тоқтатуды ұсынады. Бұл туралы ол бүгін өткен мәжілістің отырысында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімовқа қаратып айтқан сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
“Алматы метросының мәселесіне келсек, құрылысты аяқтауға тағы да ақша сұрап отыр. Мен оның себебін түсіне алмаймын, неге? Осы метроның құрылысын біржола тоқтатқан жөн деп ойлаймын. Ол бір түпсіз тұңғиыққа айналды, жұтып жатыр, жұтып жатыр”, - деді А. Момышев.
“Республикалық бюджеттен қаншама ақша жұмсалды, бірақ тындырылған іс шамалы”, - деп мәлімдеді халық қалаулысы.
Ұқсас жаңалықтар табылған жоқ