21.07.2010, 09:30
ІТ-білім беру мәселесі жөнінде online-конференция
Жаңалықтар таспасы » Саясат, Қоғам » Беларусь ІІМ Бакиевтің республика аумағында қандай мәртебемен жүргенін айтудан бас тартады
МИНСК. Шілденің 30-ы. BNews.kz – Беларусьтің ішкі істер органы Қырғызстанның экс-президенті Құрманбек Бакиевтің республика аумағында қандай мәртебемен жүргенін түсіндіруден бас тартты, деп хабарлайды Deutsche Welle. Құқық қорғау органының айтуынша, Беларусь Конституциясы бойынша мұндай фактіні жариялауға тиым салынған.
Беларусь ІІМ азаматтық және көші-қон жөніндегі департаментінің бастығы Алексей Бегунның айтуынша, саяси баспана сұраған адамның жеке басының келісімінсіз, бұл жөнінде қандай да бір ақпарат таратуға ел конституциясы тиым салады.
Осыған байланысты А.Бегун, Бакиев өзіне босқын мәртебесін беру жөнінде құзыретті органдарға өтініш берді ме, егер осылай еткен болса бұл мәселеленің қаралуы қандай деңгейде, екендігіне жауап бере алмайтындығын білдірді.
tut.by Интернет-порталы болса, Беларусь президенті Александр Лукашенконың шақыруы бойынша Бакиев өзінің некеге тіркелмеген әйелі және екі жас баласымен сәуірдің 19-ында осы елге табан тірегенін еске салады.
Мамырда Қырғызстанның уақытша үкіметі Бакиевті президенттік өкілеттілігінен айырды, ал қызметтік лауазымын асыра пайдаланды және қан төгісті ұйымдастырды деген айып тағылып отырған бұрынғы президентті елдің бас прокуратурасы экстрадициялауды талап етті. Беларус бұл талапты орындаудан бас тартты. Шілденің 13-інде Қырғызстанның Құрманбек Бакиевті қайтару туралы екінші рет сауал жасағаны белгілі болды.
Суретте: Құрманбек Бакиев. Сурет ladno.ru сайтынан алынды
ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекет басшылары тамыздың 20-22 күндері Арменияда Қырғызстан жағдайын талқылайды
Қырғызстанның Ыстықкөл облысында сел жүрді
Өзбекстан Қырғызстанмен шекараны ашуға асығар емес
Қырғызстанның арнайы қызметі республиканың экс-премьері Игорь Чудиновты тұтқындады
Роза Отынбаева Қырғызстан парламентінің сайлауы күнін ресми түрде белгіледі
Қырғызстан АҚШ-пен Ошта әскери база ашу жөнінде келіссөздер жүргізбейді – Қырғызстан ІІМ басшысы
27.08.2010, 18:40 | 0
(Орыс болжамында болады) Семьям погибших на юге Киргизии назначили пособие
27.08.2010, 18:04 | 0
(Орыс болжамында болады) Отчет международной комиссии по расследованию июньских событий в Кыргызстане будет представлен в декабре текущего года
27.08.2010, 11:10 | 0
(Орыс болжамында болады) До конца 2010 года в Казахстане будет создано 200 тыс. новых рабочих мест – Назарбаев
27.08.2010, 10:00 | 0
15 жылда Қазақстанда бірде-бір саяси дағдарыс болған жоқ - Н. Назарбаев
01.09.2010, 17:54 | 0
(Орыс болжамында болады) Казахстан посетит парламентская делегация Японии