Жаңалықтар таспасы » Жобалар мен технологиялар, Қоғам » «Байқоңырдан» «Глонасс-М» спутнигі бар «Протона-М» зымыран тасымалдағышы ұшырылды

2.3.2010, 8:19

«Байқоңырдан» «Глонасс-М» спутнигі бар «Протона-М» зымыран тасымалдағышы ұшырылды

БАЙҚОҢЫР. Наурыздың 2-сі. BNews.kz. – «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Глонасс-М» спутнигі бар «Протона-М» зымыран тасымалдағышының дүйсенбі күні  Астана уақытымен таңғы 3 сағат 20 минуттағы ұшырылуы қалыпты тәртіпте өтті, деп хабарлады  ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

«Ұшыруға байланысты туындауы мүмкін салдарды жою мақсатында ҚР ТЖМ-нің Қызылорда, Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының ТЖ жөніндегі департаменттерінің апатты-құтқару күштері мен техникасы таңғы 1 сағат 20 минуттан 4 сағат 20 минутқа дейін жоғары  дайындық жағдайында болды».

Түсіндірмелер

Қонақтар түсініктеме жаза алмайды. Жай ғана тіркеуден өту рәсіміне қатысыңыз..