Жаңалықтар таспасы » Банктер мен қаржылар, Банкі және қаржы, Биржа жаңалықтары » 2010 жылдың 11 наурызындығы KASE таңертеңгі сессиясының қорытындылары доллар 147,16 теңгені (-0,13) құрады

11.3.2010, 11:23

2010 жылдың 11 наурызындығы KASE таңертеңгі сессиясының қорытындылары доллар 147,16 теңгені (-0,13) құрады

АЛМАТЫ. Наурыздың  11-і. BNews.kz. - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге  есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0  (EURKZT_TOD) теңге есебімен  еуро  және  (EURUSD_TOD) АҚШ  доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

Аталған санаттар  үшін бүгінгі сессия негізгі болды.  Саудаға   қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды  Қор биржасының баспасөз қызметі .

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,16 теңгені, ал сауда көлемі  120 200 мың долларды құрады. Бұған дейінгі  таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы  0,13  теңгеге  арзандап,  сессия көлемі 81 400  мың  долларға  өсті.

Т+0  теңге есебімен  және Т+0 доллар есебімен еуро  валютасы  бойынша  мәмілелер  жасалған жоқ.

Түсіндірмелер

Түсіндірме беруге тыйым салынады.