Жаңалықтар таспасы » Банктер мен қаржылар, Банкі және қаржы, Биржа жаңалықтары » 2010 жылғы 12-наурыздағы KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары 147, 10 теңгені құрады

12.3.2010, 17:21

2010 жылғы 12-наурыздағы KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары 147, 10 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Наурыздың 12-сі. BNews.kz. - Қазақстан қор биржасында (KASE) кешкі сауда сессиясы аяқталды, оған   KASE-нің «валюта нарығының мүшесі» санатындағы 7 мүшесі қатысты, деп хабарлады  Қор биржасының баспасөз қызметі.

Кешкі сауда сессиясы АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM),   еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT) жасалды.

Т+1 есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 1 доллар үшін 147,08 теңгені құрап, сауда көлемі 4 000 мың АҚШ доллары болды.

Т+2 есептерімен АҚШ доллары бойынша теңгемен сауда жасалмады. Сұраныс пен ұсыныс болған жоқ.

Т+1 және Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.

Түсіндірмелер

Түсіндірме беруге тыйым салынады.