Жаңалықтар таспасы » Басты жаңалықтар, Қоғам » Астананың Есіл өзені айдынында жеке меншік су көліктерінің жүруіне тиым салынды
АСТАНА. Шілденің 29-ы. BNews.kz. – ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде өткен басқосуда Есіл өзеніндегі кеме қатынасының қауіпсіздік мәселесі қаралды, деп хабарлайды ведомстваның баспасөз қызметі.
Бүгінгі күнге дейін Астанада 26 өзен және 233 шағын көлемдегі флот тіркелген. Жолаушылар серуендеп қыдыратын кемелерді пайдаланудың қауіпсіздігін қамтатамасыз ету, сондай-ақ Есіл өзеніндегі қайықты жалға беру стансасының қызметі бүгінгі талқылаудың тақырыбына арналды.
Көлікті бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Жұмашев, Астанада Есіл өзенінің қалаға қарайтын шектеулі учаскесінде қайықты жалға беру стансасын жүзеге асыру қазіргі уақытта жүзу құралдарының шектен тыс көбеюіне әкелді, деп атап өтті.
Қалалықтардың шомылуларына арналған бірнеше жағажайлардың бар екендігін ескерер болсақ, жоғары жылдамдықпен жылжыйтын шағын көлемдегі скутерлер мен моторлы қайықтарды су айдынында ережесіз пайдалану адам өліміне әкелетін апатты оқиғаларға жол ашуы мүмкін.
Осыған байланысты, мемлекеттік органдар мен құтқару қызметінің жұмыс жағдайында жүріп-тұруына пайдаланылатын су көліктерінен өзге құралдардың барлығының Есіл өзенінде еркін жүзіп-тұруларына шектеу енгізу туралы мәселе қаралатын болды.
Суретте: Есіл өзені. Сурет chitalnya.ru сайтынан алынды
Қарағандыда лифті шығаратын зауыт салынады
ІЖӨ жөнінде Жапонияны басып өзған Қытай әлемде екінші орынға шықты
Әлемдегі жастардың жұмыссыздығы 2010 жылы рекордтық көрсеткішке жетеді – ХЕҰ баяндамасы
Мароккода лаңкестік ұйым анықталды және ол заласыздандырылды
Астық бағасының өсуі Қазақстанның ішкі нарығындағы азық-түлік бағасына әсер етпейді
Ресейлік «Северстальдің» АҚШ-тағы еншілес кәсіпорындары өздерінің зауыттарын сата бастады
Молдовалық шарап жасаушылар РФ-ға шығаратын өнімдерінің сапасын ақтау үшін Мәскеуге келді