10.09.2010, 09:10
Қазақстан денсаулық сақтау саласының негізгі міндеттері тақырыбына арналған online-конференция
03.09.2010, 09:47
Қазақстандағы үлестік құрылысты дамытудың түйткілді мәселелері мен келешегі тақырыбына online-конференция
21.07.2010, 09:30
ІТ-білім беру мәселесі жөнінде online-конференция
Жаңалықтар таспасы » Басты жаңалықтар, Қоғам » Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы «Ақ кент» тұрғын үй кешенінің салтанатты жағдайда пайдалануға берілуіне қатысты
АЛМАТЫ. Шілденің 16-сы. BNews.kz. – Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қаладағы «Ақ кент» көп пітерлі тұрғын үйді пайдалануға беру салтанатына қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Кешеннің жалпы көлемі 44 гектар құрайды. Бас жоспар бойынша мұнда 89 тұрғын үй бой көтереді. Мектеп, екі балалар бақшасы, денсаулық сақтау нысаны мен басқа да инфрақұрылымдар осы құрылыс кешенінің құрамына енеді. Кешен құрылысын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қаржыландырады. Мемлекеттік қолдау жүйесінен 16,5 миллиард теңге бөлінді.
Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық қаржы дағдарысы белең алып, көптеген дамыған елдер бюжетінің әлеуметтік бөлімдерін қысқартып жатқан кездің өзінде, біздер өз экономикамыздың әлеуетін көрсете алдық.
«Сіздер білесіздер, менің тапсырмам бойынша әлеуметтік төлемдер көбейтілді, бюжеттік мекемелердің жалақылары жоғарылатылды. Мұнан басқа, біздер еліміздегі барлық үлескерлерді қолдап отырмыз. Алаяқтыққа барған құрылыс компаниялары заң бойынша жазаланды, ал кезінде зардап шеккен үлескерлер өздерінің пәтерлеріне ие болды. Біз бүгін салтанатты жағдайда ашып отырған тұрғын үй кешені жоғарыда айтылғандардың айғағы, азаматтар қиналғанда мемлекет оларды қолдады. Мұны бағалай білу керек», - деді Н.Назарбаев.
Сурет ҚР Президентінің баспасөз қызметінен алынды
Назарбаев Медведевке сібір өзендерін Орталық Азияға қарай бұру жөніндегі жобаны қарауды ұсынды
Медведев пен Назарбаев екі ел арасындағы, сондай-ақ КО ауқымындағы ынтымақтастықты талқылайды
Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының VII форумы Өскеменде өз жұмысын бастайды (бейне)
Астананың сол жағалауында қазіргі заманғы телестудиясы бар медиа-кешен салынады – Назарбаев
Георгий Ким ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі Комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
Ұқсас жаңалықтар табылған жоқ