21.07.2010, 09:30
ІТ-білім беру мәселесі жөнінде online-конференция
Жаңалықтар таспасы » Басты жаңалықтар, Ванкувер-2010, Қоғам, Спорт » ХОК Президенті XXI қысқы Олимпиада ойындарының жабылғаны туралы жариялады – эстафетаны Сочи қабылдады
ВАНКУВЕР. Наурыздың1-і. BNews.kz. – Халықаралық Олимпиада комитетінің Президенті Жак Рогге XXI қысқы Олимпиада ойындарының жабылғаны туралы жариялады.
«Бұл өте тамаша ойындар болды. Енді дәстүрге байланысты мен Олимпиада ойындарын жабық деп жариялаймын», – деді ол.
«Құрметті достар, мұнда біз естен кетпес күндерді өткіздік. Олимпиада ойындары – бұл адамзат баласы үшін үлкен мереке. Біз мұнда көзіне жас алған, қуаныштан, тіпті өкініштен жылағандарды да, спортшылардың аяғына дейін беріспеген асқан батылдықтарын да көрдік. Канада халқына осындай Олимпиада өткізуге мүмкіндік туғызғаны үшін шексіз алғысымызды білдіреміз», - деді Ж. Рогге.
«Әлемнің барлық атлеттері Сіздер өздеріңізді мақтан тұтсаңыздар болады. Сізді келесі ұрпақ үлгі тұтады. Өздеріңмен бірге осы асқақ рухты сақтай біліңдер. Бқл керемет ойын болды», – деп таңданды президент.