21.07.2010, 09:30
ІТ-білім беру мәселесі жөнінде online-конференция
Жаңалықтар таспасы » Жобалар мен технологиялар, Металлургия, Экономика, металдар, Баспасөз хабарламалары » Қазақстан Президенті таудағы-карабах шиеленісін реттеу бойынша Әзербайжан президентіне өз ұсыныстарын жолдады
БАКУ. Ақпанның 16-сы. BNews.kz. - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев таудағы-карабах шиеленісін реттеу бойынша Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке өз ұсыныстарын жолдады, деп хабарлайды мемлекетаралық “Мир” телерадиокомпаниясы.
Телерадиокомпанияның хабарлауынша, 15 ақпанда Бакуге сапары барысында Қазақстан сыртқы істер министрі әрі ЕҚЫҰ төрағасы Қанат Саудабаев Әзербайжан президентімен кездесіп, оған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың нагорный-карабах шиеленісін реттеу бойыншаұсыныстарын жеткізді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астана, ЕҚЫҰ-ына қазіргі төраға ел ретінде, егер тараптар өзара уағдаластықтарға бағынған жағдайда, 2010 жыл нагорный-карабах шиеленісін шешуде бетбұрысты жыл болады деп үміттенеді. Бұл туралы кеше ҚР мемлекеттік хатшысы әрі сыртқы істер министрі, қазіргі ЕҚЫҰ төрағасы Қанат Саудабаев Бакуге жасаған ресми сапары барысында Әзербайжан сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяровпен жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша өткен брифингте мәлім етті.
“Біз аталған шиеленісті реттеу үшін қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдаланатын боламыз, Афиныдағы соңғы мәмілелер, Әзербайжан мен Армения президенттерінің Сочидегі кездесуі бізге оптимизм сыйлайды”, - деді Қ. Саудабаев.
“Бұл - менің қазіргі ЕҚЫҰ төрағасы ретіндегі бірінші сапарым, және мен Әзербайжанға Қазақстанның төрағалығымен қолдау көрсеткені үшін ризашылығымды білдіремін”, - деді ол.
Қ. Саудабаевтың айтуынша, сапар барысындағы бір басты мақсат - таудағы-карабах шиеленісін реттеу бойынша барлық проблемалар топтамасын айқын көру. “Бұл - ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Қазақстан үшін басымдықтардың бірі, ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл шиеленіске деген назарын бәсеңсіткен емес. Біз мәселенің тарихын білеміз және оны шешу үшін қолда бар ресурстарды толық пайдаланатын боламыз”, - деді ол.
Оның айтуынша, әзербайжандық әріптесімен арадағы келіссөздер конструктивті жағдайда өткен, енді президентпен кездесу өтеді деп күтілуде.
Еске сала кетейік, 1988 жылы Таудағы-Карабах облыстық халықтық депутаттар кеңесі Таудағы Карабахты Әзербайжан құрамынан шығарып, оны Армения құрамына енгізуді талап ете бастады. Lenta.ru порталының хабарлауынша, мұндай шешім жаппай ұлтаралық қақтығысқа түрткі болып, оның соңы 1989 жылдың аяғында кең көлемді әскери қақтығысқа алып келді. Соғыс кезінде 40 мың адам қаза тауып, бір миллиондай адам босқынға айналды.
1994 жылдың мамыр айында тараптар атысты тоқтату туралы келісімге келді және ЕҚЫҰ Минск тобының басшылығымен, Ресей, Франция және АҚШ-тың тең төрағалығымен бейбіт келіссөздер бүгінгі күнге дейін жалғасуда.
30.07.2010, 11:13 | 0
Екібастұз жүк вагондарының алғашқы партиясы «Қазтеміртранс» АҚ теміржолшыларына тапсырылды
29.07.2010, 12:43 | 0
(Орыс болжамында болады) «Казахмыс» произвел в первом полугодии 164,3 тыс. тонн меди
28.07.2010, 11:10 | 0
ХВҚ 2010 жылы Қазақстанның ІЖӨ 4 пайыз деңгейінде болады деп болжайды
27.07.2010, 13:46 | 0
(Орыс болжамында болады) Правительство Казахстана может пересмотреть в сентябре прогноз роста ВВП
27.07.2010, 11:11 | 0
Алғашқы жарты жылдықта Қазақстанның ІЖӨ 8% құрады – ҚР Экономикалық даму министрлігі