21.07.2010, 09:30
ІТ-білім беру мәселесі жөнінде online-конференция
Жаңалықтар таспасы » Банкі және қаржы, Биржа жаңалықтары, Экономика, металдар » Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның даму банкіне қатысты болжамын өзгертті
АСТАНА. Қаңтардың 5-і. BNews.kz. - Өткен жылғы желтоқсан айының соңындағы мәліметтер бойынша, Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Қазақстанның даму банкі» АҚ-на қатысты болжамын «Жағымсыздан» «Тұрақтыға» қарай өзгертті.
Бұл бұған дейінгі рейтингті : шетелдік валютадағы «ВВВ» ұзақмерзімді эмитент дефолті және «ВВВ» ұлттық валютадағы ұзақмерзімді эмитент дефолті рейтингілерін растай түседі, деп хабарлайды «ҚДБ» баспасөз қызметі.
Сонымен бір мезгілде, рейтингтік агенттігі Қазақстан даму банкінің шетелдік валютадағы қысқа мерзімді эмитент дефолті рейтингін «F3» деңгейі бойынша мақұлдаған.
«Мемлекеттік инвестициялық институттың несиелік рейтингі Қазақстан Республикасының суверенді рейтингіне сәйкес келеді. Fitch Ratings агенттігінің бағалауына сәйкес, ҚДБ-нің рейтингілері, оның мемлекеттік экономикалық саясатты жүзеге асырудағы ерекше орнын ескере отырып, Қазақстан билігінің Банкті қолдауға жоғары деңгейдегі дайындығын білдіреді. Мемлекеттік экономикалық саясаттағы құрал бола отырып, кредитор ретінде ҚДБ Қазақстанның экономикасына айтарлықтай инвестиция тартылуы күтілетін Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасына белсенді түрде қатысатын болады. Бұл міндетті тиімді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Үкіметі тарапынан ҚДБ-ін 1,1 млрд. АҚШ доллары шамасында қаржыландыру шарасы қабылданды, осының өзі аталмыш Банк капиталының 1,9 млрд. долларға дейін артуына, Қазақстандағы капитал салымы жағынан ірі банктердің біріне айналуына мүмкіндік берді», делінген баспасөз айғағында.
30.07.2010, 07:15 | 0
(Орыс болжамында болады) Мировые цены на нефть заметно повысились (итоги торгов 29 Шілде 2010 года на NYMEX и ICE)
29.07.2010, 12:43 | 0
(Орыс болжамында болады) «Казахмыс» произвел в первом полугодии 164,3 тыс. тонн меди
29.07.2010, 07:43 | 0
Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді (2010 жылғы шілденің 28-індегі ICE және NYMEX саудасының қорытындысы)
28.07.2010, 07:42 | 0
Мұнайдың әлемдік бағасы айтарлықтай төмендеді (2010 жылғы шілденің 27-індегі ICE және NYMEX саудасының қорытындысы)
24.07.2010, 12:53 | 0
(Орыс болжамында болады) Мировые цены на нефть понизились (итоги торгов 23 Шілде 2010 года на ICE и NYMEX)