Жаңалықтар таспасы » Басты жаңалықтар, Госзакупки, Қоғам, Строительство и рынок недвижимости » ҚР Бас прокуратурасы 50 млрд. тенгеден астам зиян келтірген 45 құрылыс салушы компанияға қатысты 50 қылмыстық іс қозғады

22.1.2010, 17:13

ҚР Бас прокуратурасы 50 млрд. тенгеден астам зиян келтірген 45 құрылыс салушы компанияға қатысты 50 қылмыстық іс қозғады

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. BNews.kz. - Өткен жылы прокурорлар елдегі 82 құрылыс нысанын салып жатқан 45 құрылыс салушы компаниялардың үлескерлердің қаржыларын мақсатсыз пайдаланғандығын анықтады. Бұл туралы бүгін Бас прокуратураның 2009 жылы атқарған жұмыстарына байланысты өткен баспасөз мәслихатында аталмыш органның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.

Оның деректеріне қарағанда, аталмыш әрекеттерден 9 мың үлескер зардап шеккен болып шықты. Оларға 50 миллиардтан астам теңгеге шығын келген. Құқық қорғау саласының қызметкерлері осы әрекетке кінәлілерге қатысты 50 қылмыстық іс қозғап, олардың арасында сотқа жолданғандары бойынша 38 адам сотталған. «Бүгінде қылмыстық жауапқа тарту үлескерлердің қаржыларын қайтарып алудың ең тиімді тәсілдерінің бірі болып отыр. Мысалы 84 үлескері бар «Альвин групп» пен 130 үлескері бар «Азия контракшн» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің және 730 үлескері бар «Серт» акционерлік қоғамының өкілдері құрылыс жұмыстарын қылмыстық жауапқа тартылатын болған соң ғана аяқтаған. Ал «Бейбар Билдинг» ЖШС-ның өкілдері өздерінің жауапқа тартылатындарын білген соң 37 үлескерге жоспарланғаннан өзге құрылыс нысанынан үй берді. Қазіргі таңда   құрылыс жұмыстары аяқталмай қалған нысандарға ақша салған азаматтардың қаржыларын қайтару бағытындағы шаралар атқарылуда», деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, сот қызметкерлері 4,5 мың үлескердің 35 миллиард теңгесін қайтаруға қатысты прокурорлардың 50 ісін қанағаттандырған.

Түсіндірмелер

Қонақтар түсініктеме жаза алмайды. Жай ғана тіркеуден өту рәсіміне қатысыңыз..