Жаңалықтар таспасы » Басты жаңалықтар, Госзакупки, Жылжымайтын мүлік, Қоғам, Құрылыс, Строительство и рынок недвижимости » Биылғы жылы Астанада үлестік құрылыстың 61 нысаны аяқталатын болады

9.3.2010, 10:41

Биылғы жылы Астанада үлестік құрылыстың 61 нысаны аяқталатын болады

АСТАНА. Наурыздың 9-ы. BNews.kz. – Биылғы жылы Астанада үлестік құрылыстың 61 нысаны аяқталатын болады. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен селектрлік мәжіліс кезінде ҚР Тұрғын үй құрылысы істері және ТКШ агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.

«Астана қаласында  пайдалануға берілу кестесіне сәйкес 12 мың 646 үлескер қатысқан 61 нысанды әртүрлі тетіктер арқылы 2010 жылы  аяқтау қалып тұр», – деп мәлімдеді С. Нокин.

Оның айтуынша, 26 нысан  (3965 үлескер) қала әкімдігі сатып алған пәтерлер есебінен;  7 нысан (2659 үлескер) –  «Жаңа Құрылыс» ЖШС өкілетті ұйымның күшімен; 19 нысан (3524 үлескер) –  «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ арқылы; 9 нысан (1182 үлескер) – салушылардың өз күштерімен аяқталатын болады..

Сондай ақ қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылған жоқ

Түсіндірмелер

Қонақтар түсініктеме жаза алмайды. Жай ғана тіркеуден өту рәсіміне қатысыңыз..