Жаңалықтар таспасы » Ауыл шаруашылығы, Оқиғалар, Агропром » Ақмола облысында аусыл жұқтырған 900 бас үй малы жойылды
АСТАНА. Маусымның 21-і. BNews.kz – Ақмола облысының Новодолинка ауылында аусыл дертіне шалдыққан 900 бас үй малы жойылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
«20.06.2010 жылғы 10:00 сағаттағы жағдай бойынша эпизоотикалық ошақта 254 бас ірі қара, 555 қой-ешкі және 148 шошқа өлтірілді», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, 23271 ірі қараға, 31851 қой-ешкіге және 2599 шошқаға егу жұмыстары жүргізілді.
Аусыл ошағы соңғы рет осыдан тоғыз жыл бұрын, яғни 2001 жылы Ақмола облысы, Целиноград ауданының Қоянды ауылында тіркелген болатын.
Қазақстан малының аусылмен ауырғандығы туралы Франциядағы халықаралық эпизоотикалық орталыққа хабарланды.
Ұқсас жаңалықтар табылған жоқ