Басты » Тұлғалар және брендтар
Арман Ғалиасқарұлы Дунаев - «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары
1966 жылы 7 қазанда Талдықорған облысы, Гвардия ауданы, Қоғалы ауылында дүниеге келді.
1988 жылы С. Киров атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия-экономика факультетін саяси экономия мамандығы бойынша үздік бітірген.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 1988 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты кафедрасының ғылыми қызметкері болып бастаған. 1992 жылы экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
1992-1993 жылдар аралығында бас маман, Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілік аппаратының сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
1993-1998 жылдар аралығында «Астана-холдинг» КХК әр түрлі басқарушылық лауазымда қызмет атқарған.
1998-2000 жылдар аралығында «ТұранӘлемБанкі» ААҚ инвестициялық және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы, халықаралық қаржылық институттармен жұмыс жөніндегі басқарма бастығы қызметтерін атқарған.
2000-2001 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік қарыз және несиелендіру департаменті директорының міндетін атқарушы, мемлекеттік қарыз беру департаментінің директоры.
2001 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы Вице-министрі болып тағайындалды.
2002 жылы Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі.
2003-2004 жылдар аралығында «Ұлттық инновациялық қор» АҚ Басқарма Төрағасы болып қызмет атқарды.
2004-2006 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі, министрі.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.
«Құрмет» орденіне ие, медальдармен, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталған.
Үйленген, екі баласы бар.
2008 жылы «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.
Связанные с личностью: Жаңалықтар | Сараптама
Қайрат Нематұлы Келімбетов - «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы
1969 жылы 28 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келді.
1993 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдады, мамандығы – математик.
1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебін бітірді.
1998 жылы Америка Құрама Штаты, Вашингтон қаласындағы Джорджтаун университетін бітірді.
Еңбек өтілі:
Еңбек қызметін 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде аспирант, ассистент ретінде бастады.
1996 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің аға сарапшысы болып жұмыс істеді.
1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау агенттігі департаментінің директоры, директордың орынбасары.
1998 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
1999 жылдан бастап 2001 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы.
2001 жылдан бастап 2002 жыл аралығында – Қазақстан Республикасы Қаржы Бірінші вице-министрі.
2002 жылдан бастап 2006 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
2006 жылдан бастап 2008 жылдар аралығында еңбек қызметін «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымын атқарды.
2008 жылдың қаңтарынан бастап қазан айы аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы.
«Нұр отан» халықтық демократиялық партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшесі.
Бірқатар ғылыми мақалалардың авторы. Ағылшын және француз тілдерін меңгерген.
2005 жылы «Құрмет» орденін иеленген, медальдармен марапатталған.
Үйленген, ұл мен қыз тәрбиелеп отыр.
2008 жылдың қазан айынан бастап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы.
Связанные с личностью: Жаңалықтар | Сараптама
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары
1964 жылы туған
Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты
Еңбек өтілі:
Институтты бітіргеннен кейін ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы ҒІИ кіші ғылыми қызметкері; МЭСИ аспиранты; АСПУ ҒІИ жетекші ғылыми қызметкері; ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі; Президент Әкімшілігі мен Министрлер Кабинетінің қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары; Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік меншік жөніндегі аумақтық комитетінің төрағасы; ҚР Экономика министрі; ҚР вице-премьері; «Тұран-Әлем» банкінің басқарма төрағасы; ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары;
1998 жылғы тамызынан 2004 жылдың наурызына дейін Қостанай облысының, 2004 жылдың наурызынан 2006 жылдың қыркүйегіне дейін Астана қаласының әкімі; 2006 жылдың қыркүйкгінен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметтерін атқарды.
2007 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Связанные с личностью: Жаңалықтар | Сараптама
Өзбеков Өмірзақ Өзбекұлы – Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі агентігінің төрағасы
1947 жылғы 10 қазанда Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында туған. Үйленген, екі ұл, екі қыз тәрбиелеген.
Алматы зооветеринарлық институтын бітірген, ветеринар дәрігер. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.
Еңбек өтілі:
Еңбек қызметін 1971 жылы бастады:
- Алматы облысы Шілік ауданының «Құрам» совхозының мал дәрігері
- Алматы облысы «Авангард» табак совхозының бас мал дәрігері, Алматы облысы «Таусугурский» совхозының бас мал дәрігері, Шілік РК Таусугурский совхозының парткомының хатшысы.
- Алматы облысының Т. Қабылов атындағы совхозының директоры.
- Алматы облысының халық депутаттарының Шілік аудандық кеңесі Рйисполкомының төрағасы.
- Алматы облысының облыстық Агроөндірістік комитетінің төрағасының оынбасары.
- Алматы облысының облыстық әкімшілігі Басшысының орынбасары.
- Алматы облысы әкімі.
- Талдықорған облысы әкімі.
- Өзбекістан Республикасындағы төтенше және өкілетті елші.
- Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елші.
- 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Төрағасы.
Сайлаушылық лауазымдар, депутаттық:
Еңбекшілер депутаттарының аудандық кеңесі Шілік а, депутат, 1986-1990 ж.ж.
Халықтық депутаттардың облыстық кеңесі Алматы қаласы, депутат, 1990-1992 ж.ж.
Мемлекеттік және халықаралық марапаттары, сыйлықтары, құрметті атақтары:
“Кұрмет”ордані 2003 жыл, Астана медалі 1998 жыл, “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі 2001 жыл, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» 2005 жыл, «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» 2006 жыл.
2008 жылдан Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі агентігінің төрағасы
Связанные с личностью: Жаңалықтар | Сараптама
Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы – Қазақстан Республикасының Әділет министрі
1955 жылы 28 қаңтарда Шымкент қаласында туған.
1962 жылдан бері Қарағанды қаласында тұрып, 1973 жылы № 3 орта мектепті бітірді.
Еңбек өтілі:
Мектепті аяқтаған соң Қарағанды облаткомның өрттен қорғау қызметінде жүргізуші болып жұмыс істеді.
Әскерден оралған соң 1976 жылы тамызда Қарағанды мемлекеттік университеті заң факультетінің күндізгі бөлімінің бірінші курсына қабылданып, оны 1981 жылы үздік бітірді
Қарағанды қаласы Совет аудандық халық сотында үш айлық сынақтан өткен соң 1981 жылы қараша айында халық судьясы болып тағайындалды.
1984 жылдан 1993 жылға дейін Қарағанды облысы Нұра аудандық соты төрағасының қызметін атқарды. 1993 жылдан 1999 жылға дейін Қарағанды облысы сотының төрағасы болды.
1999 жылдың сәуір айынан Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағалығына тағайындалды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты төрағасы міндетін атқарды.
2000 жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің төрағасы болды.
2000 жылдың 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалды.
2005 жылдың 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып екінші рет конституциялық мерзімге тағайындалды.
2009 жылдың 2 сәуірінен Қазақстан Республикасының Әділет министрі.
Мемлекет алдындағы қызметі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін 2003 жылдың 8 желтоқсанда 2 дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатын алған.
Мемлекеттік 2-ші дәрежелі әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.
2009 жылдың 2 сәуірінен ҚР Әділет министрі
Связанные с личностью: Жаңалықтар | Сараптама
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
1958 жылы 8 шілдеде туған.
Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін тәмәмдаған. Филология ғылымдарының кандидаты, профессор.
І санатты Төтенше және Өкілетті Елші
Ғылыми және оқытушылық қызметпен айналысты.
Еңбек өтілі:
Қазақ мемлекеттік университетінде ассисент, аға оқытушы, доцент болды. 1993 жылдан Сыртқы істер министрлігінде бірінші хатщы, бөлім меңгерушісі; Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінде қызмет істеді; Президенттің Протоколы қызметінде жауапты қызметтер атқарды. Түркия Республикасының Стамбұл қаласындағы Қазақстан Республикасының бас консулы, Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі-Протоколының бастығы.
2006 жылғы 1- ақпаннан Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» (1985), «Қазіргі қазақ тілінің лексикология » (1986), «Қазақ тіліндегі ырықты етістік түрі» (1991), «Қазақ тілі» (1991), «Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті» (1995), «Түркі лингвистикалық терминдер сөздігі» (1996), «Қазақ тілі: Грамматикалық анықтамалық» (1996), «Қазақстан – Түркия: достық пен ынтымақтастыққа - 5 жыл» (1996), «Президенттің бір жылы» (2001, 2002, 2003, 2004, 2005), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасы» (2004), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасы бойынша тәжірибелік басшылық» (2004), «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» (2005), “Қазақстан” (2006), “Түрік-қазақ-монгол этнотілдері өзара қарым-қатынасының тарихы” (2008) кітаптарының авторы.
2007 жылдың қаңтар айынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі.
Связанные с личностью: Жаңалықтар | Сараптама
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы – Экономика және бюджетті жоспарлау министрі
1971 жылы туған. Қазақ Ұлттық техникалық университетін, Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Мамандығы бойынша – инженер-электрик, экономист.
Еңбек өтілі:
Институтты бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінде жетекші экономистен департамен дирторына дейін өсті. 2001-2002 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік бюджет департаментінің, 2002 жылы – Бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің директоры, 2003 жылдың маусымынан бастап – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, 2005 жылы – ҚР Қаржы вице-министрі болды. 2006 жылдың наурызында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Одан кейін ҚР Қаржы вице-министрі лауазымын атқарды.
2007 жылдың тамыз айынан Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
Связанные с личностью: Жаңалықтар | Сараптама
Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары
1971 жылы туған, М.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетін бітірген. Заңгер.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын Шымкент қаласындағы «Ақ Бастау банкінде» маман болып бастады. Содан кейін мәскеулік «Фьючер» акционерлік коммерциялық банкі басқарма төрағасының орынбасары; 2003-2004 жылдары «Маркетингілік-талдамалық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы; 2004 жылдың сәуір айынан бастап - ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары – экономикалық саясат басқармасының бастығы, ал 2006 жылдан бері - Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы қызметтерін атқарды.
2007 жылдың 29 қазанынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.
Связанные с личностью: Жаңалықтар | Сараптама