жарнама
Басты » ТВ Дайджест » EuroNews
EuroNews – еуропалық тәулік бойғы ақпараттық телеарна, әлемдік видеохроникаларды және аудиокомментарийлерді сегіз тілде – ағылшынша, арабша, итальянша, испанша, немісше, португалша, орысша және французша (сонымен бірге румыын тіліндегі кешкі хабарлар таратылады; украиналық нұсқасын тәулік бойы көрсету жоспары да бар) бір мезгілдегі көсетілімдерді жүзеге асырады. EuroNews-тың кабельдік, жерсеріктік және эфирлік таратылымдары 185 миллион үйлер иелерін, әлемнің 119 елдеріндегі (Еуропа, Африка, Азия, Австралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, сондай-ақ Таяу Шығыстағы) 500 миллион көрермендерді қамтиды.
EuroNews еуропалық көзқарас тұрғысынан өзекті әлемдік оқиғаларды баяндайды. Жергілікті жерлерде болып жатқан оқиғалардан шұғыл ақпарат тарату тікелей қосылу тәсілі арқылы жүзеге асады; тұрақты түрде жаңартылып тұратын мәліметтер эфирге әрбір жарты сағат сайын маңызды қоғамдық-саяси оқиғалар жайындағы сюжеттер, қаржылық жаңалықтар, спорттық хроникалар, еуропалық билік органдарының іс-қимылы туралы есептер мен Еуропадағы және әлемдегі ауа райы туралы жаңалықтарды да жария етеді.
Сайт арнаа: http://ru.euronews.net/