21.07.2010, 09:30
ІТ-білім беру мәселесі жөнінде online-конференция
Жаңалықтар таспасы » IT-индустриясы, Сараптама, Сараптау бағасы, Без рубрики » Қазақстандық стартаптың қиыншылықтары мен қуаныштары
АСТАНА. Қарашаның 25-і. BNews.kz. «Болашақта нарықта екі түрлі компания қалады: Ғаламторға еніп кеткендер және бизнестен шыққандар», - мүмкін, алыстағы тоқсан бесінші жылдары біреуге Билл Гейтстің бұл жорамалы аса кекірейген болып көрінер еді, бірақ уақыт пен ІТ – технологияның қызу дамуы Micosoft негізін салушының толығымен дұрыс айтқанын дәлелдеді.
Е-комерцияның дамуының болашағын бағалай отырып, ғаламтор да ІТ-индустрия сияқты толығымен қор нарықтары бойынша өткен және әлемдік экономиканы рецессия шетіне қойған қаржылық құйынға ұшырамаған жалғыз жер болып қалуда. Басқа салалар төмендеп жатқанда, әлемдік тор бұрынғыдай жеті шақырымдық қарқынмен болмаса да, қаржылық жағынан да, факті жағынанда өсіп жатыр. «Бұл дағдарыс, 2000-2001 жылдардағы доткомның күйреуіне қарағанда, ғаламторға әсер еткен жоқ деп айтуға болады», - дейді AddVenture еншілес қорының инвестиция бойынша директоры Елена Масолова.
Жалпы, екінші ұлы жабығудың мылқау дүмпулері бұл жерде де өздерін танытады. Бәрінен бұрын, - мамандар атап өтеді, - инвесторлардың тәртібі өзгерді. «Бизнес-періштелер жоба, ең кеш дегенде, іске қосылғаннан кейін үш айдан соң табыс ала бастайды. Еншілес қорлар да жерге жақын бола бастады», - атап өтеді Елена Масолова. «Егер бұған дейін стартаптар тіпті ой туындаған кезеңнің өзінде ақша тапса, онда қазір мұндай жағдайлар көптің бірі, - деп «Встречер» ұялы қызмет көрсетудің негізін салушы Сергей Денисюк түсіндіреді, - Инвесторлармен келіссөздерді енгізу үшін минималды деңгей – дайын іске жіберілген өнімнің болуы. Мұндай жағдайдың өзінде де инвесторлар сіздің жобаңыз ақша таппағанға дейін бәрінен де тоса тұруды қалайды».
«Ақша әмияндарының» сақтылығы қазіргі жағдайда толығымен ақталған: виртуалды кеңістікті дәстүрлі түрде тәуекелділігі жоғары инвестициялық аймақтарға жатқызады: ереже бойынша, он жобаның ішінде екі-үшеуі ғана- одан көп емес оқ атады. Дағдарыс кезінде салымдардан айырылу қауіпі қаржы қорларының қымбаттауымен қатар жүреді. Себебі инвесторлар өзінің кәсіптік қажеттілігін дәлеледеген, көзі ашық жобаларды қалай отырып, стартаптармен байланысқысы келмейді. Біреулерін байқап жүруге жоғарыда аталған доткомның күйреуі үйретсе, басқалары салыстырмалы өткен шақтан сабақ алады. Осыған байланысты өткен жылдағы Рунеттің ең шулы күйреуі – интелектуалдық қарым – қатынас үшін виртуалды алаң сияқты көрсетілген Дмитрий Дибров пен Лев Новоженовтың Top4Top.ru амбициялық жобасы еске түседі. Жоба 2007 жылдың аяғында іске қосылған болатын және бес айдан кейін-ақ күніне 500 мың тұтынушы болатын жарияланған деңгейге жақын да жетпей жалп етті. 15 миллион доллар (оның ішінде тек 4 миллионы ғана жарнамаға) жұмсалған Масс-медиядағы басқыншылық айналдыру да, Земфира, Фазиль Искандер немесе Тина Канделаки сияқты жұлдызды әңгімелесушілер де көмектеспеді.
Ресейдің ғаламтор – нарығының артта қалушылары жайлы сөз бастаған екенбіз, онда оның қаһармандарын да еске түсірейік, мұндайлар да бар.
Таныс болыңыздар - KupiVIP.ru, танымал әлемдік және отандық брендтердің аяқ киімін, киімін және аксесуарларын тұтынушыларға ұсынатын «барлығына арналмаған» электрондық шопинг-клуб. 2008 жылдың 29 қазанында (яғни дағдарыстың ең қызу кезінде) іске қосыла отырып, клуб алыс қашықтықтағы саудадағы ең жақсы инновациялық жоба үшін «Бизнес-триумф» сыйын алып, жылдың ең жақсы ғаламтор-дүкені ретінде «РОТОР-2009» номинациясына ұсынылған және ресейлік Ғаламтордың TOP-100 ең көп қолданылатын сайттардың қатарына қосылып үлгерді. Толық емес тоғыз айдың ішінде сайттың көрермендері жарты миллион адамнана асты. Шынайы көрсеткіште бір күндік айналым өнімнің 3 мың бірлігіне дейін жетеді. Мамандардың ойынша, KupiVIP.ru жетістігінің негізі Рунет үшін жаңа е-коммерция үлгісінде. Өзін Батыс және Орталық Европада жақсы ұсынған бұл үлгі бөлшек сауданың төмендеуі шартында сатып алудың жаңа арнаына ие болған «люкстік» тауар жеткізушілерге тиімді болған сияқты, айтарлықтай үнемдеумен эксклюзивтерді алуға мүмкіндігі бар клуб мүшелеріне де тиімді. Жобаны жасау мен жылжытуға 11 миллион доллар салынған, қосымша тағы да бетке ұстар шопингті дамытуға жұмсалатын 20 миллион бөлу жоспарлануда. Сайт толық сатылып алуға 2012 жылы шықпақшы. «Егер Ресейдегі ғаламтор-сауда туралы жалпы айтуға болатын болса, себебі бұл қазір енді-енді маңызды дами басталуда, - дейді KupiVIP.ru директоры Оскар Хартманн, - Дегенмен дәл қазір, дағдарыс кезеңінде көптеген тұтынушылар ғаламторға тиімдірек сатып алуларды іздеу үшін «ауысады». Іздеушілер іздеу үшін көп берілетін көрсеткіштер санатында «бағаларды салыстыруды» белгілейді, енді адамдар заттың бағасы туралы, бірнеше ай бұрын көп тауарлар импульс бойынша жайдан жай алынған кездің өзінде нақты затты иеленудің шынайы қажеттілігі жайлы жиі ойланатын болды».
«Жалпы ғаламтордың шынайы өмірмен, компаниялар мен адамдардың шынайы мәселелерімен, шынайы тауарлармен үлкен байланысына тренд белгіленді. Қазірдің өзінде шынайы ақша айналымы бар шынайы үлкен нарықтарға құштар емес жобаларға тірі қалу қиын болады», - деп Сергей Денисюк болжайды. Оның айтуы бойынша, жақын болашақта үнемдеуге мүмкіндік беретін жобалар сұранысқа көбірек ие болады. Бұл тенденция «соңғы нәтиже үшін төлем» үлгісі (CPL - Cost Per Lead) – мысалы, сатып алуға қалдырған өтініш үшін, call-орталыққа қоңырау шалған үшін, алынған купон кемітпеге және фактілік сатып алулар жағына қарай көбірек ауысуы ғаламтор-жарнама нарығына да әсер етеді. Е-коммерцияның дамуының басқа анықтаушы себепкер шарты деп маман ықшам контенттерге сұраныстың өсуін айтады.
Жемісті бизнестің ресейлік дәріқағаздарды қазақстандық реальдер торына бейімдеу мүмкін бе? Қиын сұрақ. Бір жағынан Рунет жергілікті стартапшыларға әлемдік тордағы жақын бағдар болды және болып табыла береді. Басқа жағынан, білетін адамдардың ойы бір жерден шығады, бұл орыс ғаламторының бизнес – үлгілерінің қазақстандық жерге қарапайым көшірілуі – болашағы бар жұмыс: қазақстандық нарық әзірше үлкен жұмыстар үшін жетілген жоқ. Соңынан маңызды жобалар және маңызды табыстар басталатын әмбебап мөлшерлік көрсеткіш ретінде ықшам өмір сүретін 6 миллион халық саны алынады.
ICT-Marketing зерттеу компаниясының мәліметтері бойынша, ғаламдық торды қолданатын қазақстандықтардың саны 2008 жылдың қазанында 2,2 миллион адамға жетті. 70 мың және одан да көп халқы бар ҚР-ның 19 пайыз үй шаруашылығының үйінде Ғаламторға қосылған компьютері бар. Жалпы алғанда 70 мың және одан да көп халқы бар ҚР-ның үй шаруашылығының 70 пайызы бүгінгі күні Ғаламтор қызметтерін қажетсінеді. Заңды тұлғалар нарығында Ғаламтор қолданатын кәсіпорындардың үлесі шамамен 80 пайзды құрайды.
«Қазақтелекомның» кең ауқымды мүмкіндік беретін Megaline қызметінің алға шығуы көңіл аударуға тұрарлықтай. Бір жылдың ішінде Мегалайнның абоненттік негізі шамамен сегіз есе өседі. Сонымен қатар J’son & Partners Central Asia жүргізген зерттеуге сәйкес, Қазақстан ADSL-торына қосылу қарқыны бойынша Орталық Азияда көшбасшы. Тез жылдамдықты ғаламтордың ену үлесі үй шаруашылықтарында 15,1%-ға жетеді, ал корпоративтік нарықта - 6,0%. ««Мегалайн» қолданушылары қазіргі уақыттың өзінде – дейді ICT-Marketingтің директорының орынбасары Инна Соболева, - Бұл Қазақстандағы үй шаруашылықтың 350 мыңнан астамы, олардың көбісінің табысы орташадан жоғары, олар жоғары деңгейлі білімі бар қолданушылар, олар жаңа технологияларға көбірек сезімтал және жаңа ғаламтор – қызметтерінің қолданушысы бола алады».
Осы уақытта Қазақстанда Ғаламторды дамытуға бағытталған талаптар бар, мысалы ҚР Ақпараттар және байланыс агенттігінің (АБА) және қазақстандық операторлардың қатысуын болжайтын «Қазақстанда телеқатынас саласының дамыту бағдарламасы», «Ғаламтор торының қазақстандық сегментінің біртұтас ақпараттық кеңістігін құру және дамыту концепциясы». Веб-теңсіздікпен күрестің жалғыз құралы – бұл мемлекеттік оператордың табиғи монополиясын жою және нарыққа жаңа ойыншылардың жіберілуі деп есептей отырып (негізсіз емес), елде көбісінің бұндай шараларға скепсиспен қарайтындығы шын. Бұл ой тек қарапайым адамдардың ғана емес, жоғарыда отырғандардың да жүрегіне үндеу салған сияқты. Жақын күндерде АБА басшысы Қуанышбек Есекеев Агенттіктің монополияға қарсы комитетпен біріге отырып «Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар» туралы заңға түзету енгізу жобасының жасалғанын мәлімдеді. Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, ««Қазақтелеком» АҚ және «Нұрсат» АҚ сияқты басымды байланыс операторларымен көрсетілетін ғаламторға қосылу қызметі бағасына сараптау жүргізу мүмкіндікке иеленеді, олардың негізделу, сәйкесінше, олардың төмендеу пәніне».
Жеті шақырымдық қадаммен дамығанның өзінде де Қазақстандағы ғаламторланудың жақын болашақта армандаған алты шақырымдық табалдырыққа қол жеткізуі екі талай екендігі анық. «Перспективалар – тек елден шетелге шығуда ғана», - деп «1two3» агенттігінің жобаларының менеджері Дмитрий Назаров есептейді. «Шектен шығу – мүмкін, бірақ кем дегенде Мәскеуге емес. Біз үшін ең оңтайлы аймақ – Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан», - деп NeoLabs компаниясының директоры келіседі.
Жалпы, көлем үшін күрес – бұл тек жарты іс. Тұтынушыны торға кіргізу аз, оны оның домена .kz. қолшатыры астындағы бөлігіне түсіру керек. Енді бұл жерде қазақстандық веб-қорлардың сапасы жайлы мәселе туындайды, себебі бүгінгі таңда, жалпы келісілген көзқарасқа сәйкес, дәл осы сапаға келгенде жергілікті стартапшылардың көбісі шалынады. «Қазнет басымды көп жағдайда ресейлік қорларды көшіріп алады, ал олар өз кезегінде жай көшірілмей, саналы түрде Европа мен АҚШ-ның онлайн-жобаларынан алынады.», - дейді Дмитрий Назаров. Қазнеттің жарнамалқ сегментіне осыған ұқсас диагнозды DG жарнама агенттігінің жобалар бойынша менеджері Марат Тұнғатаров. Тіпті ең «оптимистік» түр-келбеті бойынша да қазақстандық торлық жарнама нарығы бір орында тұруды еске түсіретін қарқынмен өсіп жатыр. «Жарнама агенттіктері мен алаңдар жағынан сапалы ұсыныстар (жасап шығару, енгізу, талдау және түзету) болмағандықтан тұтынушы нәтижелілікке сенбейді. Соған қоса тұтынушыларда барінен бұрын ғаламтор арқылы жарнамалау керек сапалы веб-қорлар жоқ», - деп Марат Тұнғатаров түсіндіреді.
Субьективті себепкер шарттардан басқа мамандар хостинг қызметтерінің дамымағандығы, сонымен қатар әрине ғаламтор-жобалар нарығында «нағыз» ақшалардың болмауы сияқты сезілетін материалдар туралы айтып кетуді де ұмытпайды.
«Қазақстандық хостинг құбылыс сияқты жиі күлімсіретеді, - дейді twitter.kz домена иесі Асет Нүрпейсов, - Қызмет көрсетудің бұл түрі бізде, мысалға Америкадағы сияқты ерте пайда болған жоқ және ондағыдай таралуға ие емес. Көптеген қазақстандық ғаламторды тұтынушылар, веб шеберлер, компаниялар ресейлік, американдық және басқа да хостинг-компанияларды таңдайды, себебі олар қызметтің үлкен спектріні ұсынады, біздің хостерларға қарағанда сенімдірек және жалпы олардан бір саты жоғары жұмыс істейді. Соған қоса бізде хостингті міндетті деңгейде ұстап тұра алатын мамандандырылған кадрлар өте аз».
«Қазақстанда 5-7 қорды санамағанда, құрылуына 10000 у.е. көп қаржы жұмсалған бірде бір сайт жоқ, - дейді www.adam.kz веб-студияның жетекшісі Ян Музин, - Ресейде стандартты Ғаламтор дүкен 10 000 у.е. тұрады және Битрикс немесе UMI CMS басқару жүйесін қолданады. Ғаламтор-БАҚ-на келетін болсақ, оның іске қосылуы толық аудиториясы (сапалы трафик) болған кезде және осы трафикті жарнама берушіге көрсете алатын кезде ғана басталады. Ол үшін заманауи «айналмаларды» қолданады және солардың көмегімен тұрақты кірушілерді қадағалауға болады».
Қазнеттің тағы бір әлсіз нүктесі – монетезация. Қазақстандағы шынайы жұмыс істейтін виртуалды трафиктер мен хостингтардың сыңғырлаған тиындарға ауысу үлгілерін бір қолдың саусақтарымен санап шығуға болады, сонымен қоса табыстылық көзқарасы жағынан олар тіпті кешегі емес, алдыңғы күнгі электрондық коммерцияны білдіреді. «Монетизациялау сызбалары өте стандартты және балталы деп айтуға болады, - деп Әсет Нүрпейсов атап өтеді, - 10 жыл бұрынғыдай барлығы ескіше болады. Екі компания біреуі онда жарнаманы орнатады, екіншісі жарнама үшін орын дайындайды деп келіседі, келісімдер жасалады, кездесулер өтеді және т.б. Үрдістер мен басқа да өркениет игіліктері автоматтандырылмауы». Олардың айтуы бойынша, бүгін тордағы еңбекақының танымалдығына кедергі жасайтын анықталған психологиялық тежеу бар: «ғаламтор өлең, рефераттар көшіріп алуға, достармен сөйлесуге болатын жер екендігіне барлығы үйренсіп алды, бірақ та оның өз ойларынды жүзеге асыруға, өз бизнесіңді жүргізуге, әріптестік қарым-қатынасты дамытуға қолайлы орта екендігі жайлы ойлайтындар көп емес». Дегенмен, - маман айтады, - жағдай жақсаруда: «веб шеберлер мен ұсақ студиялар ортасында контекстік жарнама, айдаулар, трафиктер арқылы табыс табу үлгілерін игеру үрдісі басталып кетті».
Кейзет аймағында коммерциялық көзқарас жағынан жемісті жобалар бар екенін атап өткен әділетті болады. Мысалы, «Қазкоммерцбанктің» бағалауы бойынша, дағдарыс фонында да ғаламтор-банкінің айналымы алдағы жылмен салыстырғанда 2009 жылы 30%-ға өседі. «Homebank» кем дегенде тұтынушыларының жартысы коммуналдық есептерді, ұялы байланысты, кабельді ТV-ді және басқаларды банктік өткелдер арқылы төлейді. Қазақстанның Ұлттық банкінің екі алыстан басқару қызмет көрсетулері – «Жеке тұлғалар үшін ғаламтор-банкі» және «Ұялы банк. Ұялы коммерция» да өсудің жақсы қарқынын көрсетеді. Соңғы жоба Қазнеттің ИТ-қызмет көрсетуінің ең табыстысы болып мойындалды. Өткен жылдың өзінде-ақ ол банк үшін шамамен 5,2 миллион доллар тапты. Электрондық сатылулар да танымал бола бастады, әсіресі тауарлар тізімін авиабилеттер толықтырғаннан кейін. Сонда да, атап өтетіндей, е-икемділік нарығындағы негізгі екпінді олар тұрған ұйымның мықты қаржысына арқа сүйеуге мүмкіндік алатын корпоративті сайттар береді. Егер бизнес-періштелер мен еншілес инвестициялар жайлы айтатын болсақ, бұл жерде іс ғажайып болашақтар мен үлкен мүмкіндіктер туралы декларациядан әрі кетпейді.
Жалпы тренд: инвесторлар әзірше зор тәуекелге баруға және Қазнет жобаларына олардың ең ерте, яғни олардың өмір сүруінің ең тәуекелді кезеңінде ақша салуға дайын емес.
«Ең басты ақау ғаламтор-жобаларының нарығында емес, ең басты ақау – жобаға шынайы түрде ақша салуға дайын еншілес қорлардың болмауы, - есептейді Әсет Нүрпейсов, - Иә қорлар бар, бірақ тәжірибе жүзінде ғаламтор-жобалармен жұмыс істемейді, себебі оларды біріншіден тәжірибе жоқ, екіншіден, талпыныс жоқ, үшіншіден, жобаның рентабельділігі мен болашағын дұрыс бағалауға мүмкіндік (тәртіпті өткен тәжірибесі бар мамандар) жоқ. Жағдай өзгереді деп үміттенемін, бірақ әзірше барлығы нашар.
Жақын арада Қазақстанды ақпараттық қамтамасыз етуді жасап шығару саласындағы жобалар бойынша ТОП-5 көшбасшы-елдер қатарына қосқан, Softline Venture Partners халықаралық компаниясының жетекшісі Игорь Чекун болжамдар жасауда оптимист. Маман ғаламдық тордың қазақстандық аймағындағы инвестициялық құрғақшылықты электрондық комерция нарығының және еншілес инвестициялау тәжірибесінің жастығымен түсіндіреді. «Ғаламтордың дамуының оң қарқыны көрініп тұр, қызықты жобалар көбеюде. Өкінішке орай, бізге қарастыруға Қазақстаннан аз жобалар келеді, дегенмен әрдайым өтініштердің мөлшері сияқты, сапасы да ұлғаюда. Қазақстанда қызықты ойлардың жеткілікті мөлшері бар. Бұл ойларды жүзеге асыру, құжаттарды рәсімдеу және еншілес инвесторларға бару қалды. Әрі қарай, бұл тенденция тек ұлғаятын болады және жоба жасаушылардың қоғамдастығы мен инвесторлар қоғамдастығы сияқты дамитын болады». Қазнет үшін үлкен инвестициялар уақыты әлі де келетіндігіне Игорь Чекун сенімді. «Босаға тек уақытша – сапалы қорлардың пайда болуы, бағалардың бәсекелілігі (РФ-мен салыстырғанда), сауатты менеджмент және әрине, алаңдарға сене бастайтын және өзінің виртуалды кеңсесі (веб-сайт) мен оның жылжуына үлкен болашақ беретін тұтынушылар», - деп Марат Тұнғатаров келіседі. Біздің жағдайымызда қазақстандық е-бизнестің жұлдызы қашан жанатындығын болжау ғана қалады.
Святослав Поляков, арнайы BNews.kz үшін
Ұқсас жаңалықтар табылған жоқ