21.07.2010, 09:30
ІТ-білім беру мәселесі жөнінде online-конференция
Жаңалықтар таспасы » Сараптама, Сараптау бағасы, Без рубрики » IT –де кәсібиге айнал
АСТАНА. Желтоқсанның 8-і. BNews.kz - «Бүкіләлемдік өрмек» қызметтерісіз қазіргі заман адамының өмірін көзге елестету мүмкін емес, қолда бар ақпарат арқылы бүкіл әлемдегі тұрғындардың жартысынан көбінің Интернетке кіруге мүмкіндігі жоқ. Мұндай мүмкіндік барлар да аз емес, бірақ олар компьютермен жұмыс істеу дағдыларын меңгермеген.
Компьютерлік сауатсыздықты төмендету үшін Қазақстанда қандай-да бір шаралар қолданып жатыр ма?
IT – шниктердің қоғамдастығына кір
IТ-білім деңгейін жоғарылату үшін ақпараттандыру және байланыс бойынша Қазақстан Республикасы Агенттігі Өкімет Қаулысымен бекітілген ақпараттық теңсіздікті төмендету Бағдарламасы шеңберінде ақпараттық технологиялар аясында 2006 жылы www.it4u.kz ақпараттық танымдық порталы әзірледі. Бұл ресурс IT-технологияларына қызығушылық танытып жүрген мектеп оқушылары мен абитуриенттерден бастап, онымен жұмыс істеп жүрген IT-мамандары мен студенттеріне дейін кең аудиторияны қамтыған қоғамдастық құруға бейімделген.
Портал әжептәуір бұқарашыл. Кез келген пайдаланушы онда өзінің жаңалықтары мен өз мақалаларын жариялай алады; өз жеке рейтингін жоғарылата отырып басқалардың материалдарына түсініктеме жасап, баға бере алады.
Соның арасында қандай-да бір IТ-мамандығын таңдауға пайдаланушыға порталда орналастырылған арнайы анықтамалық көмектеседі. Студенттер мен мектеп оқушылары электрондық кітапхана қызметін пайдалана алады.
Порталды пайдаланушы интерфейсінің қарапайымдылығы өзгешелейді.
Мамандардың оның тұрғындар үшін қызықты да, қажетті болатынына көзі жеткен сияқты.
Сауатты болуға тыйым сала алмайсың
Осымен қатар отандық IТ-білім деңгейін жоғарылату бойынша жұмысқа Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрілігі белсенді қатысты.
Бүгінгі күнде елдің барлық дерлік мектептері (98 пайыз) интернетке қосылып қойған. Қазіргі уақытта олардың барлығы инерактивті жабдықпен жабдықталып жатыр. Бұл сәт мектеп және жоғарғы оқу орынының жүйесінде аса маңызды. Аптасына екі рет отандық оқытушылар барлық Қазақстанға онлайн-оқуды жүргізіп жатыр. Бұл әр-түрлі пәндер мен тақырыптар бойынша сабақтар. Қазақстан Республикасындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетудің ұқсас мәселесін қазақстандық білім беру порталы шешеді. Ол тұрғындардың кең қабатына білім деңгейі мен жасына қарамастан, сапалы ақпараттық білім беру ресурстарына кіру мүмкіндіктерін ашады.
Содан басқа, бұл порталда пайдаланушылар, мысалы, қызмет түрінен байланысқа дейін объектілер бойынша барлық пайдалы ақпаратпен білім мекемелерінің каталогын таба алады. Сондай-ақ білім қоғамдастығы анықтап отырған колледж, қандай да бір жоғарғы оқу орнының рейтингін анықтау оңай қолынан келеді.
Студенттер сондай-ақ, оқу үшін өте пайдалы, әрі керекті ақпаратты – мақалалардан бастап, кез келген тақырыптарға баяндама, рефераттар, ғылыми жұмыстар, дипломдық жобалар, ғылыми публикациялар немесе кез келген диссертациялық жұмыстарды табуға болатындығы үшін порталды әзірлеушілерге риза болатын шығар. Сонымен бірге, порталда оқу сервисінің аралық каталогына кіру мүмкіндігі бар. Кез келген курсты өту үшін, оның ішінде тіркелу жеткілікті. Тұрғындар қызметіне – білім жүйесіне қатысты нормативті-құқықтық ақпарат.
Білім порталында ерекше назар кері байланысқа аударылады. Сонымен қатар, арнайы форумда білім үрдісінің анағұрлым маңызды тақырыптарын талқылауға болады. Осыны қажет ететіндердің барлығы қандай-да бір туындаған сұрағын, кез келген уақытта Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігіне қоюға мүмкіндігі бар. Көз жетерлік келешекте бұл портал елдің ғылым және білім Министрлігінің барлық ақпараттық жүйелерін біріктіретін өзіндік орталыққа айналады деп күтіліп отыр.
Сонымен бірге білім жүйесі бойынша статистикалық есептілік сияқты модульді есептен шығарып тастауға болмайды. Ол жерде жинақталған ақпаратпен қолдану туралы тілек білдірген адам саны аз емес. Көз жетерлік келешекте бұл портал елдің ғылым және білім Министрлігінің барлық ақпараттық жүйелерін біріктіретін өзіндік орталыққа айналады деп күтіліп отыр. Осылайша, бірыңғай ақпараттық жүйе құрылатын болады. Қазіргі уақытта портал eduportal.kz мекен-жайы бойынша орналасқан.
IT –дегі жаңа деңгейжиектер
Өткен жылы білім беру интернет/ғаламтор/- ресурстарынан басқа Ел Басының тапсырмасы бойынша Қазақстанда Алғашқы Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті құрылған. Оны бүгін «Зерде» холдингінің анағұрлым табысты жобаларының бірі деп атайды. Осы жобаның негізін қалаушы, осы компаниямен қатар халықаралық бизнес Университеті болып табылады. Оған ұлттық экономиканың түрлі секторлары үшін ақпараттық технологиялар облысында жоғары біліктілікті мамандарды дайындау бойынша маңызды міндет жүктеліп отыр. Айта кету керек, оның ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде болған ашылу кезіне, осы ЖОУға күндізгі бөлімге 377 астам студент және сырттай бөлімге 29 студент түсті. Және де оқуға түсу кезіне талапкерлердің ЕНТ орташа баллы 89 құрады. Оқытудың басым бөлігі ағылшын тілінде, қазақ тілінде оқытуымен тек бір ғана топ құрылған. Берілген университет мамандарды төрт бағыт бойынша шығарады: IT – индустриясындағы менеджмент, информатика, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамсыздандыру. Ал университетте оқытушының жұмысын алу үшін бұл лауазымға үміткерлерге қатаң конкурстық сынамадан өту қажет болды. Сондықтан, кадр құрамының кәсіби деңгейіне күмән келтіруге болмайды.
Әрине, университет оқытуды жүргізетін тәжірибелі педагогтар сияқты жоғарғы класс мамандарын дайындауға міндетті. Жоғарыда көрсетілген пәндер бойынша кәсіби мамандар көбейетіні қуантарлық жай. 2010 келесі жылы-ақ студенттерді алуды мыңға дейін, 2015 жылы төрт мыңға дейін, 2019 жылы алты мыңға дейін көбейту жоспарланып отыр. Берілген осы жоғарғы оқу орны әлемдік IT-сегментінде көшбасшы ретінде танылған Карнеги университетімен тығыз байланысты. Бұл серіктестік бұл жетекші шетелдік білім мекемесінің педагогтарына қазақстандық оқытушыларды дайындауға мүмкіндік береді. Оның үстіне оларға қажетті оқу әдебиеттерін ұсыну, арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ оларға емтихан жүргізіп, сертификаттар беру, топтық семинарлар өткізу.
Болашақта IT-технологиялар Халықаралық Университетінің бітірушілерінің, ақпараттық технологиялар аясындағы www.it4u.kz танымдық портал және елде болашақта пайда болатын басқа ресурстардың арқасында IT-саласы Қазақстан экономикасының барлық саласына енеді деген сенімдеміз.
Татьяна Казанцева, арнайы BNews.kz үшін
Ұқсас жаңалықтар табылған жоқ