Астанада 8 ақпанда мектептер мен колледждерде білім алушылар үшін сабақ болмайды

7 Февраля, 2019, 19:03 26524
Астанада 8 ақпанда мектептер мен колледждерде білім алушылар үшін сабақ болмайды |  | BNews.kz

Бұл туралы қалалық Білім басқармасы хабарлады.

Жұма күні елордадағы мектеп оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін бірінші ауысымда да сабақ өткізілмейді, деп хабарлайды BNews.kz.

"8 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды", - деп хабарлады Астана қаласының Білім басқармасында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанның бес өңірінде, яғни Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Аймақтарда қатты аяз бен кей жерлерде жаяу бұрқасын болады.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13866

Похожие новости