Астанада Airbus-320 ұшағының жолақтан шығып кетуі: экипажға жел кедергі келтірді

7 Февраля, 2019, 19:58 26565
Астанада Airbus-320 ұшағының жолақтан шығып кетуі: экипажға жел кедергі келтірді |  | BNews.kz

Әуе кемесінің ұшу-қону жолағынан шығып кетуіне байланысты авиациялық оқиғаны тексеру аяқталды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Тексеру жөніндегі комиссиясы 2018 жылғы 22 мамырда "Эйр Астана" АҚ пайдалануындағы Airbus-320 әуе кемесінің Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайына қонғаннан кейін жасанды ұшу-қону жолағынан тыс шығарылуына байланысты елеулі авиациялық оқыс оқиғаны тексеруді аяқтады, деп хабарлайды BNews.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Эйр Астана" АҚ пайдалануындағы Airbus-320 әуе кемесімен болған елеулі авиациялық оқыс оқиғаның басты себебі – 311о-ке дейін және 22 м/с-қа дейін жылдамдықпен және бағдармен қатты бүйірлік жел кезінде ұшақтың қонуы болды, кейіннен қонуды орындағаннан кейін жылдамдықтың 6 м/с дейін күрт төмендеуі, себебі қатты бүйірлік желдің орнын толтыру үшін құрастырылған ұшақ (22 м/с дейін) желдің жылдамдығының күрт азаюы жағдайында (6 м/с дейін) жасанды ұшу-қону жолағының осінен оңға қарай кету үрдісін көрсетті, оны экипаж игере алмады және әуе кемесінің жасанды ұшу-қону жолағынан тыс жерге шығарылуына жол берді", - деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметінде.

Еске сала кетейік, аталған оқиға 2018 жылы 22 мамырда болған. 

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13866

Похожие новости