Отандық шынжыр табанды көліктер экспортқа шығарылды

8 Февраля, 2019, 10:21 25247
Отандық шынжыр табанды көліктер экспортқа шығарылды |  | BNews.kz

"Семей машина жасау зауыты" бүгінде ТМД аумағында осындай техникаларды шығаратын бірден бір кәсіпорын.

"Семей машина жасау зауыты" ("Қазақстан инжиниринг" ҰҚ" АҚ-ның еншілес кәсіпорны) шынжыр табанды тасымалдағыш көлікті экспортқа шығара бастады. Аталмыш техникалардың 4 данасы Ресейге жөнелтілді, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Семей машина жасау зауыты" бүгінде ТМД аумағында осындай техникаларды шығаратын бірден бір кәсіпорын.

"Қазір кәсіпорын шығаратын техникаларда қазақстандық өнімнің үлес салмағы өте жоғары және олар барлық талаптарға сай, сондай-ақ өздерінің сипаттамалары бойынша шетелдік өнімдерден еш қалыспайды", - деді зауыттың бас директоры Нұрлан Омаров.

Шынжыр табанды тасымалдағыш көлік жолдағы кедергілерден өтімділігі жоғары, жылдам жүре және жүзе алатын, жүк таситын, алдыңғы доңғалақтары тартқыш машина болып табылады.

Бұл көліктер өте қолайсыз климаттық жағдайларда (ұйық батпақты, қарлы, орманды, таулы және шөлейт аймақтарда) қоршаған ортаның температурасы от +60 градустан -70 градусқа дейін жететін жерлерде пайдалануға арналған.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13866

Похожие новости