Павлодар облысыда Жастар жылы аясында неке қию залы ашылды

11 Февраля, 2019, 09:53 23063
Павлодар облысыда Жастар жылы аясында неке қию залы ашылды  |  | BNews.kz

Ақсу қаласында былтырғы жылы 490 отбасының некесі қиылды.

Қаладағы Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорт сарайы ғимаратының жанынан АХАЖ бөлімі ашылды, деп хабарлады pavlodarnews.kz. 

"Азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімі адам өмірінің ең маңызды белесі – отбасын құру рәсімінің ерекше қуаныш екенін айшықтау, ұмытылмастай есте қалдыру үшін қызмет ететін болады. Жаңадан еңсе тіктейтін бөлімде азаматтық хал-актілерін жазу қызметі үшін барлық жағдай жасалатын болады. Жаңа орын некеге отыратын жастардың көбейіп, берекесі мықты отбасылардың қатарын толықтыратынына сенімдімін", - деді нысанның ашылу салтанатына қатысқан Ақсу қаласының әкімі Балғабай Ыбыраев.

АХАЖ бөлімінің тұсауы кесілген күні Асылбек Қабдраш пен Оралсын Нұрқабыл алғашқы болып жаңа туған нәрестелері Айзеренің туу туралы куәлігін алды. Қала әкімі жас ата-анаға денсаулық пен бақыт тілеп, сәбидің туу туралы куәлігі мен мен естелік сыйлық табыс етті.

"Үйлену тойымыз мекеменің ашылуымен тұспа-тұс келгеніне, алғашқы болып неке қидырып отырғанымызға қуаныштымыз. Қала әкімінің қолынан неке куәлігін алдық. Біз бақыттымыз", - дейді жас жұбайлар.

Металлургтер шаһарында жыл сайын отбасын құрғандардың саны артып келеді. Мысалы, 2017 жылы 461 неке қиылса, 2018 жылы 490 отбасы некеге отырған. Биыл қаңтар айында отыз шаңырақ отау құрған. 

Айта кетерлігі, бұған дейін АХАЖ бөлімі  тар ғимаратта орналасқан еді және неке қию залы болмаған. Тұрғындар тарапынан бірнеше жыл қатарынан көтеріліп келе жатқан мәселе биыл шешімін тапты. Жаңа орын жалпы аумағы 130 шаршы метрді алады. Бұл жерде неке қию залы, мұрағат және бірнеше кабинет орналасқан. 

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13866

Похожие новости