Сергей Хорошун жаңа қызметке тағайындалды

7 Февраля, 2019, 17:35 20472
Сергей Хорошун жаңа қызметке тағайындалды  |  | BNews.kz

Ол Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Сергей Михайлович Хорошун Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды", - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Хорошун Сергей Михаилович 1966 жылғы 26 наурызда туған.

Білімі: Целиноград инженерлік-құрылыс институты - инженер-құрылысшы.

Еңбек жолы: 1990-1995 жж.- "Целинограджилстрой" ӨҚҰ; 1995 - 1998 жж - Целина теміржол басқармасы; 1998-2000 жж. - "Қалалық коммуналдық қожалық" МКК КҚБ бөлім бастығы, бастығының орынбасары; 2000 жылы - Коммуналдық қожалық департаментінің директоры; 02.2005 ж. - Астана қаласы Энергетика және коммуналды қожалық департаментінің директоры; 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды.

Мемлекеттік наградалары: "Құрмет" орденімен, "Астана", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл" медальдарымен марапатталған.   

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13866

Похожие новости