Жамбыл облысында Мұқағали Мақатаевқа арналған кеш өтеді

7 Февраля, 2019, 15:06 19591
Жамбыл облысында Мұқағали Мақатаевқа арналған кеш өтеді |  | BNews.kz

Әдеби-сазды кеште ақынның өлеңдері оқылып, оның сөзіне жазылған әндер шырқалады. 

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған "Есіңе мені алғайсың..." атты әдеби сазды кеш өтеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Әдеби кеш 8 ақпанда Ықылас Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет сарайында өтеді. Еске алу кешіне ақынның баласы Жұлдыз Мұқағалиұлы мен келіні Бақытгүл Айдарова қатысады. Қонақтардың қатарында Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Бақыт Беделхан, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ақын Қалқаман Сарин және Алматы, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының ақындары мен зиялы қауым өкілдері бар.

Сондай-ақ, ақынның туған күні қарсаңында бас қосқан оңтүстік аймақтық ақындардың арасында "Ақынға парыз көп ойлау, Артық та емес доп ойнау" атты кіші футболдан жолдастық кездесу де өтеді. 

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13866

Похожие новости